Биылғы оқу жылында өңірдегі білім беру мекемелерінде 500-ге жуық маман жетіспейді.
“2023-2024 оқу жылында облыс мектептерінде 11883 мұғалім жұмыс істеді. Ал биыл 473 маманға қажеттілік бар. Әсіресе математика пәнінің мұғалімдеріне қажеттілік ерекше. Физика, бастауыш сынып, қазақ және орыс тілі мұғалімдері де тапшы”, – деді облыстық білім басқармасының бас маманы Даниил Степанов.
Жалпы облыста 458 білім беру ұйымы болса, соның 244-і орыс, 109-ы қазақ, қалғаны аралас мектеп. Облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша, биыл шамамен 75 мыңнан астам бала білім алады. Қазір білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қыза түсті. Бірқатар мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл 50 білім беру ұйымын күрделі жөндеуден өткізуге 5,8 миллиард теңге бөлінгенін айту қажет. “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы бойынша 22 мектеп қайта қалпына келтірілмек.
Әсел ОРАЗБАЕВА,
облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.