Саумалкөл ауылындағы агротехникалық колледж маңындағы Новая көшесінде бір ай ішінде тұрғызылған спорт-ойын кешені мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің озық үлгісіне айналды.
Саумалкөл ауылында шағын футбол алаңын салуға мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы “Диас Инвест Групп” ЖШС екендігі биылғы жылдың мамыр айында жарияланған еді. Нысанның құрылысын қолға алған кәсіпкер өз қаражаты есебінен футбол алаңының жанындағы кеңістікті ойын және баскетбол алаңымен толықтыруға шешім қабылдап, ойындағысын сәтті жүзеге асырды.
Нысан құрылысы аяқталуға жақын. Жазғы демалыс кезеңінде осындай керемет сыйлыққа бөленген балалар кешеннің воркаут және балалар алаңында, сондай-ақ футбол және баскетбол алаңдарында ойнап, мәз-мейрам болуда.
Барлық спорттық-ойын кеңістігі алаңы жарықтандырылып, қоршалып, бейнебақылау камералары орнатылған, яғни балалардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған. Барлық жұмыстарды мүмкіндігінше сапалы орындап, балаларға ұзақ уақыт бойы қызмет ететін материалдарды таңдаған құрылысшылардың еңбегін айта кеткен жөн.
Осылайша мемлекет пен жеке кәсіпкер жобаны сәтті жүзеге асырды. Енді осы маңдағы тұрғындар құрылысшылардың еңбегін құрметтеп, спорттық-ойын нысанын күтіп ұстауы тиіс.
Ирина БУРКОВСКАЯ.
Айыртау ауданы.