«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕДЕЛДІК КЕРЕК, САПА ДА МАҢЫЗДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында жылыту маусымына дайындық барысымен танысты.

Петропавл ЖЭО-2 жабдығының 57,3, Солтүстік Қазақстан электр жабдықтарының – 96,6, жылу құбырларының 77,5 пайызға тозуын ескере отырып, өңірде жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Биыл Петропавл ЖЭО-2-де 17,6 млрд. теңгеге жұмыс атқару жоспарлануда. 2027 жылға дейін 739 километр желі мен 240 қосалқы станса салу үшін жыл сайын 4 млрд. теңгеден қаражат бөлу жоспарланған. Жалпы жөндеу және жаңғырту жұмыстарына акционерлер қаражатынан 17,6 млрд. теңге бағытталды.

Роман Скляр жылыту маусымының іркіліссіз өтуі үшін жұмыстың сапасын әрі мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Петропавлда Премьер-министрдің бірінші орынбасары 600 оқушыға арналған жайлы мектептің құрылысын тексерді. Бүгінде кәріз, су, электр және жылумен жабдықтау желілерін жүргізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жұмыс сапары барысында Роман Скляр “Бірлік” шағынауданында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылыс барысын тексерді.

Бүгінгі таңда 200 тұрғын үй пайдалануға берілген. Үкімет басшысының орынбасарына 1 қазанға дейін 700 үйдің құрылысын аяқтау жоспарланғаны баяндалды. Жұмыс “Kaspi”, “Kazakhmys” және “KAZMinerals Management” компанияларының қаражатына жүргізілуде.

Сонымен қатар Роман Скляр Петропавл қаласының су тасқынынан зардап шеккен Ойқала және Былғары зауыты шағынаудандарында жөндеу-қалпына келтіру жұмысын тексерді.

Қазіргі уақытта 70 механикаландырылған бригада жұмысқа жұмылдырылған. Мыңнан астам үй жөнделуде, оның ішінде 250 үй – механикаландырылған бригадалардың күшімен қалыпқа келтіріледі, 890 апаттық баспана сүрілді.

Өңірде құрылыс маусымының қысқа екенін ескере отырып, бірінші вице-премьер барлық қалпына келтіру жұмысын жеделдетуді әрі олардың сапасын қамтамасыз етуді тапсырды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp