Биыл алғаш рет өтіп отырған лига кубогының үшінші турында Оралдың “Ақжайығы” өз алаңында Петропавлдың “Қызылжарын” қабылдады.
Петропавлдық команда премьер-лига турнир кестесінде оныншы орында келе жатса, бірінші лигада ойнап жүрген оралдықтардың жағдайы да мәз емес. Десе де осы жолғы кездесуде оралдық клубтың айы оңынан туды.
Бірінші таймда алаң иелері есеп ашты. Гол авторы – Шыңғыс Құбашев. Кейін қызылжарлықтар таразы басын теңестіруге ұмтылса да, барлық соққылар қақпадан қиыс кетіп жатты. Ал 40-шы минутта “Қызылжар” ойыншысы Ұлар Жақсыбаев өз қақпасына доп соғып алды.
Ойынның екінші бөлімінде жерлестеріміз шабуылдарын үдете түсті. Нәтижесінде матчтың тек 94-ші минутында есеп айырмасын қысқартты. Гол Сенин Себаидің еншісіне жазылды. Кездесу 2:1 есебімен аяқталып, лига кубогында “Ақжайық” үш ұпайға қол жеткізді.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.