«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оралдағы сәтсіз ойын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл алғаш рет өтіп отырған лига кубогының үшінші турында Оралдың “Ақ­жайы­ғы” өз алаңында Пет­ропавлдың “Қызылжарын” қабылдады.

Петропавлдық команда премьер-лига турнир кестесінде оныншы орында келе жатса, бі­рін­ші лигада ойнап жүрген орал­дықтардың жағдайы да мәз емес. Десе де осы жолғы кездесуде оралдық клубтың айы оңынан туды.

Бірінші таймда алаң иелері есеп ашты. Гол авторы – Шыңғыс Құбашев. Кейін қызыл­жарлықтар таразы басын теңес­ті­руге ұмтылса да, барлық соққылар қақпадан қиыс кетіп жат­ты. Ал 40-шы минутта “Қызылжар” ойыншысы Ұлар Жақсыбаев өз қақпасына доп соғып алды.

Ойынның екінші бөлімінде жерлестеріміз шабуылдарын үдете түсті. Нәтижесінде матч­тың тек 94-ші ми­нутында есеп айырмасын қыс­қартты. Гол Се­нин Себаидің ен­шісіне жазыл­ды. Кездесу 2:1 есе­бімен аяқ­талып, лига кубогында “Ақжайық” үш ұпайға қол жеткізді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp