Петропавл қаласында барлық 13 учаскелік полиция пункттерінің аумағында рейдтік іс-шаралар жүріп жатыр. 22 шілде мен 8 тамыз аралығында полицейлер есепте тұрғандарды тексеріп, қаланың барлық шағынаудандарын қамтуды жоспарлап отыр. Аталмыш жұмыстарға жүзге жуық полицей мен еріктілер тартылған.
Алғашқы күндері есепте тұрған 105 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді, оның он бесі – маскүнемдікке шалдыққандар, оны – бұрын сотталғандар және үшеуі – қолайсыз отбасылар. Тексеріс барысында елуден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішіндегі ең көбі – абаттандыру қағидаларын, тіркеу ережелерін бұзу. Горький көшесіндегі тиісті тіркеуі жоқ дүкенде алкоголь өнімін заңсыз сақтау фактісі анықталып, 99 литр алкоголь өнімі тәркіленді және әкімшілік материал жиналды.
Әсет ҚАНАФИН.