«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДА СҮРІНЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ішкі мемлекеттік ау­дит департаментінің білікті ма­мандары жыл басынан бері 21 аудиторлық іс-шара өткізіп, 16,7 млрд. теңгенің заң бұзушылығын анық­таған. Олардың көбі мемле­кеттік сатып алу заңнамасын бұ­зуға қатысты болып отыр.

Аталмыш департаменттің бі­рінші жартыжылдықты қорытын­дылау есебіне жергілікті атқару­шы орган өкілдері мен қалалық және аудандардан келген түрлі ұйым басшылары қатысты.

Басқосуда облыстық ішкі мем­лекеттік аудит департаментінің басшысы Зәуреш Қапарова тек­се­ріс нәтижесінде 155 адам әкім­шілік жауапкершілікке тартылып, 13,8 млн. теңге айыппұл арқала­ғанын айтты. Айтуынша, мемлекеттік сатып алуды ұйымдасты­рушылар құқық бұзушылыққа жиі барады. Олар көпшілікті тен­дерге қатыстырмайды, конкурс­қа жіберген күннің өзінде бірша­ма құжат жинатады. Заңда жоқ та­лаптар мен ережелерді ойлап тауып, әуре-сарсаңға салады. Алайда сала мамандары атал­мыш олқылықтарды түзету үшін ауқымды жұмыстар атқаруда.

Аудиторлар тексеріс бары­сын­да, сонымен қатар, кәсіп­орындардағы материалдық-тех­никалық базаға, мемлекеттік қыз­метке бөлінген қаржының толы­ғымен игерілмегені, бюджеттен бөлінген ақшаның тиісті жерге жет­пегені анықталған. Осыған бай­ланысты аудиторлар ақшаны жымқырғандарды тиісті орган­дар арқылы әкімшілік жауапкер­шілікке тартып, ел қазынасына 4,3 млрд. теңге қайтарған.

– Мамлют ауданына іссапармен барған кезде сәулет, құры­лыс, тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлі­мі­нен құқық бұзушылықтар анық­тадық. Сала мамандары 23 млн. теңгеден астам ақшаны толық игермеген. Біз бұны жергілікті ат­қа­рушы органдарға жібердік. Олар енді тиісті шаралар қолдануы тиіс, – дейді Зәуреш Қа­парова.

Облыс аудиторлары интер­нет арқылы да кәсіпорындардың жұмысына мониторинг жүргізіп, онлайн режімде тексеріп отырады. Бұл орайда жыл басынан бері камералдық бақылаумен 274,7 млрд. теңгеге 13 мың 503 мемлекеттік сатып алу рәсімі қам­тылған. Соның ішінде 20 млрд. теңге сомасындағы 1860 заң бұзу­шылық анықталды. Мамандар өткізілетін са­тып алуға қатысуға шектеу қою және қиындату жиі кездесетінін тілге тиек етті. Мәселен, элек­трон­ды аудит бойынша 959 ха­барлама түскен болса, оның 820-сы мемлекеттік сатып алуға қатысты болған. Бүгінгі күнге дейін соның 62 пайызы қаралған.

Жалпы облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері айына екі рет аудандарға барып, тексеріс жүргізеді. Олар жуырда ғана Айыртау мен Шал ақын ау­дан­дарында болып, бірнеше құ­қық бұзушылықты анықтаған. Иге­ріл­меген сома көлемі 88 млн. теңгені құрайды.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp