Қазірден қамдану керек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда көпқабатты үйлерді жылыту маусымы­на дайындау жұмыстары әзірге баяу жүргізіліп жатыр. Көппәтерлі 161 тұрғын үйде ғана құбырлар жуып-шайылып, техникалық тұрғыда дайын екенін дәлелдеген.

Бұл – облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің тек 13,7 па­йызы ғана. Петропавл қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бө­лімі баспасөз қызметінің мәлі­ме­тінше, қалада 1170 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жы­лыту жүйесіне қосылған. Олар­дың 759-да ғана пәтер иелері кооперативтері, мүлік ие­лерінің бірлестіктері бар.

“Алдағы жылыту маусымына дайындық барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргі­зі­ліп жатыр, соның ішінде әрқай­сысына телефон соғып, бұқара­лық ақпарат құралдары арқылы, әлеуметтік желі және әкімдіктің ресми сайты арқылы тиісті жұ­мыстарды тезірек атқару қажет­тігін ескерттік. Басқару құры­лымдары жоқ көпқабатты тұр­ғын үйлерде жылыту жүйесін жуып-шаю жұмыстарына пәтер иелері өздері жауапты”, – дейді Петропавл қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Нина Усенко.

Петропавлда орталықтанды­рылған жылыту жүйесіне 167 әлеу­меттік нысан да қосылған. Олар – балабақшалар, мектептер, денсаулық сақтау ұйым­да­ры, спорт және мәдениет ны­сандары. Бүгінде 105-де қа­жетті техникалық жұмыс атқары­лып, жылыту маусымына дайын тұр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp