«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кемшіліктер анықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоғамдық бақылау аясында Аққайың ауданына қарасты Смирново ауылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еріктілері әлеуметтік нысандарға жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. Тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталды.

2022 жылы Смирново ауылындағы стадионды жөндеуден өткізу бойынша екіжылдық жоба қолға алынған болатын. Сметалық құжаттама бойынша жоба құны 150 миллион теңгені құрады. Құрылысқа жауапты мердігер “Еңбек” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен шарт жасалды. Бүгінде жоба бойынша жұмыс аяқталды.

– Алаңның жасанды жамылғысы бойынша жұмыстар жүргізілді. Тартан жабыны төселді. Жанкүйерлер отыратын орындықтар ауыстырылып, жаңа 600 орындық орнатылды. Жүгіру жолағына белгі салынды. Бүкіл стадионға жарық түсіретін көшеде биіктігі 4 метрді құрайтын 18 шам ауыстырылды, – деді Смирново ауылдық округі әкімінің орынбасары Данияр Қожин.

Смирново ауылындағы саябақты жөндеу жұмыстары да тексерілді. 2022 жылы сметалық құны 183 миллион теңгені құрайтын жөндеу жұмыстары қолға алынды. Сол уақыттан бері саябақта тынығу орны, концерттік сахна, орындықтар мен шамдар орнатылды.

– Саябақтағы жөндеу жұмыстары 90 пайызға орындалды. Орындықтар орнатылып, асфальт және кеспе тас төселді. Келісімшарт бойынша жұмысты үстіміздегі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бірақ жұмыс қыркүйектің соңында аяқталуы тиіс, – деді “Капитал Строй Форум” ЖШС директорының орынбасары Жандос Тастанбек.

“Заңғар-ЛТД” ЖШС үстіміздегі жылдың мамыр айының соңында Смирново мектеп-гимназиясының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын бастады. Келісімшарт құны 121 миллион теңгені құрайды. Қазіргі таңда гимназияда жылу жүйесін, электр қуатын ауыстыру, терезе орнату сынды жұмыстардың аяқталғанын айтып өту қажет. Смирново мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Наталья Шульц 25 тамызға дейін тиісті шаруалар атқарылып, ауланы абаттандыру жұмыстары да жоғары деңгейде орындалуы қажет екенін атап өтті.

Мониторинг барысында ақаулар анықталып, үш нысан бойынша хаттама толтырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еріктілері жұмысты сапалы орындап, нысандарды уақытында тапсыру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp