«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Қапқа салар”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жиған-тергенің тойға ша­шыл­сын!” деп тілек тілейтін қа­зақтың көптеген салт-дәстүрлері де осы тойға байланысты туындаған екен. Той – ха­лық­тың қазынасы, сондықтан той сый-сияпатсыз болмайды. Сый-сияпат көңілдерді жібітеді, мейі­рімді арттырады, сыйластықты сақтайды деген сөз қазақта ғана емес, діни тұрғыдан алып қара­ғанда да құпталатын жақсы амал­дардың бірі. Әр адамның көңіліне жол таба алатындай сыйлықтың түрлері болады. Сый­лықтың құндылығы оның қым­бат немесе арзандығымен өлшенбейді десек те, әр сый-сияпат орнымен болғаны дұрыс. Ол сыйлық кісінің көңіліне ти­мейтіндей, керісінше қуанта ала­тындай болса керемет.

Мұны құдалық жоралғысын жасағанда орындайды. Ал қа­лың­дығын алуға келген күйеу жі­гіт барлық жол-жоралғыларымен, яғни құдалықтың кәделері­мен келеді. Қыздың жағы­на құдалар тарапынан сый-кәде жасалып, киіт кигізілген соң, сол әулетке жаңадан қосылып жат­қан жаңа күйеу балаға қайын-жұрты сыйлық береді. Бірақ күйеу балаға берілетін сыйлық “киіт” емес, “қапқа салар” деп ата­лады. Мұны да мен бір құ­далықта естігенмін. Бір апаның қайта-қайта күйеудің “қапқа са­лары” қайда? Ұмытып кетпей, оны да алдына қойыңдар деп ес­кертіп жатқанын көріп, “ол не бо­луы мүмкін?” деп ойла­нып қалдым. Ол бағалы киім, қымбат ертоқым, жігіттің керек-жарақтары немесе мал болуы мүмкін. Қазіргі кезде бұл сыйлық түрі қайын атаның мырзалығы­на, дәулетіне байланысты екені анық.

Қазір де ол үрдіс жалғасын тауып келеді. Бірақ бұрынғы кез­дегідей мал мен қару-жарақты сыйға тартудың орындары ал­мас­қан. Қайын жұртының сый-сияпаты, әрине, күйеу балаға де­ген құрмет. Күйеу жігіт те қалыңдығының ата-анасына, оның туыстарына құрметпен, қамқор­лықпен қарауы тиіс.

“Қапқа салар” күйеу жігіттің қайын жұртынан алғашқы алған сыйлығы болғандықтан оны өзі игілігіне қолданғаны дұрыс.

Нұр ӘЛЕМ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp