Енді қазақстандықтар “eGov Mobile” мобильдік қолданбасы арқылы өз балаларына соттылықтың жоқтығы туралы анықтама ала алады. Бұл қызмет кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қолжетімді.
Пайдаланушылар анықтама форматын электронды немесе апостильмен қағаз түрінде таңдай алады. Егер сіз апостилмен анықтаманы таңдасаңыз, мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайын көрсетуіңіз және мемлекеттік бажды төлеуіңіз керек.
Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама – талап ету орны бойынша ұсынуға, шетелге шығу кезінде визаны ресімдеуге, тұруға ықтиярхат алу үшін, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, қайта алу не одан шығу үшін қажет.
Қызметті алу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1. “еGov Mobile” қолданбасында авторизация жасаңыз және “Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту” бөліміне өтіңіз.
2. “Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру” тармағын таңдаңыз және қажетті өрістерді толтырыңыз.
3. өтінімге “Face ID/Touch ID” арқылы қол қойыңыз.
Нәтижені “Жеке кабинеттен” тексеруге болады. Қызмет көрсету мерзімі – 10 минут, ал қосымша тексеру қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күніне дейін. Шетелге шығу үшін қажетті анықтамалар үшін мерзім де 5 жұмыс күніне дейін.
Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы алу ұзақ уақыт бойы “eGov.kz” порталындағы және “eGov Mobile” мобильді қолданбасындағы танымал қызметтердің бірі болып қала береді. Осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасының азаматтары қызметті 30 миллион рет алды.
Жайнагүл СЕЙДАХМЕТОВА,
“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ қоғаммен байланыс басқармасының қызметкері.