«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАЛҒАЙ АУДАННЫҢ ШАРУАСЫ ШИРАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл Уәлиханов ауданында жаңа емхана мен бассейн ашы­ла­ды. Бұл туралы өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің облыс орталығынан шалғай жатқан Уә­лиханов ауданына жұ­мыс сапары барысында белгілі болды.

Облыс әкімі алыс аудандағы инфрақұрылымдық жобалар­дың жүзеге асырылу жайын тек­серді. Уәлиханов ауданындағы өзекті мәселелердің бірі – жол. Дәуіт ауылынан Кішкенекөлге дейінгі жолға күрделі жөндеу жүр­гізілуде. Кішкенекөлден Ре­сей Федерациясы шекарасына дейін орташа жөндеу басталады. 35 шақырымды құ­райтын Өндіріс-Жұмысшы-Мырзағұл облыстық жолы жөн­деліп, елді мекендер арасын­дағы қатынас жақсармақ.

Сондай-ақ мұнда су тасқыны ке­зінде зардап шеккен көпір қал­пына келтірілуде. Ақтүйесай ауы­лында 11 көшеге асфальт тө­селініп жатыр. Сонымен қатар ауылда фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда. Аудан орталы­ғы Кішкенекөлде бірқатар ма­ңызды әлеуметтік нысандар пай­далануға берілмек. Солардың бірі – заманауи емхана мен спорт залы бар жабық бассейн. Аудан орталығында стадион мен мектеп те күрделі жөндеу­ден өтуде.

Өңір басшысы “Жолдасбай Агро” серіктестігінің егістік алқабында және астық қабылдау нысанында бо­лып, Уәлиханов ауданының ша­руаларымен кездесті. Сонымен қатар Ғауез Нұрмұхамбетов Ақ­жар ауданындағы Бостандық-Киевс­кое жолындағы жөндеу жұмыстарын бақылап, Талшық пен Тайыншадағы орталық қа­зандықтың жылыту маусымына дайындығын тексерді. Тайынша ауданында бөдене фермасы мен “Alabota GCK” ЖШС-ның мал тұқымын асылдан­дыру кешенінде болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp