«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алғашқы көмекке асық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында Жедел медициналық жәрдем бригада­ла­ры­ның республикалық спарта­киа­дасы өтті. Айтулы шараға об­лыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бе­тов пен елі­міздің Денсаулық сақ­тау минист­рі Ақмарал Әлназа­рова қа­тысты.

– Денсаулық сақтауда же­дел медициналық жәрдем қыз­меті ерек­ше орын алады. Қиын сәтте “Жедел жәрдем” қызмет­керлері бірінші болып жетеді. Сондықтан науқастардың өмірі мен денсау­лығы мамандардың кәсібилігіне байланысты. Ал мұн­дай шара­лар­ды өткізудің ма­ңызы зор. 2020 жылдан бас­тап “Жедел жәр­дем” орталы­ғындағы көліктер 100 па­йыз­ға жаңартылды, – дей келе об­лыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хамбетов ме­­ди­цина қызметкер­лерінің қа­жыр­­лы еңбегі мен өз ісі­не шек­сіз бе­рілуі жас мамандар үшін шы­найы үлгі болатынын атап өтті.

Аталмыш спартакиада Же­дел медициналық жәрдем бри­гадала­рының арасында дәс­түрлі түрде жыл сайын өтеді. Былтыр Семей қаласында өт­кен сайыста жер­лес­те­рі­міз бі­рінші орынды ие­лен­ген бо­латын. Сайыс тәртібіне сай, қатысушылар­ды биыл біздің өңір қарсы алды. Ай­тулы шараға еліміздің әр өңі­рі­нен жиналған 20 “Жедел жәр­дем” бри­гадасы қа­тысты. “Ұлт­тық шұғыл ме­дицина­ны үйлес­­тіру орталығы” ШЖҚ РМК оқу-тренингтік орталы­ғының жетек­шісі Ғұмырбек Ағы­баев бұл ша­раның мақсаты – шұ­ғыл жағ­дайда науқастарға көмек көр­се­ту талаптарын пы­сықтауға бағытталғанын атап өтті.

– Медициналық мамандар шұғыл әрекет етпесе – өлім-жітім орын алуы ықтимал. Ол үшін “Жедел жәрдем” бригадалары белгілі тәртіппен жедел көмек көр­сетуі тиіс. Бұл шараның ая­сында мамандар әртүрлі жағ­дай­ға тап болған науқастарға кө­мек көрсету бойынша білімдері мен біліктіліктерін сарапқа са­ла­ды. Жұмыс барысында түрлі жағ­дайлар орын алуы ықтимал. Ал мамандар науқастарға кез кел­ген жағдайда медициналық кө­мек көрсетуге міндетті, – деді Ғұ­мырбек Ағыбаев.

Өткен жылы жеңіске жеткен бригадалар биылғы жарысқа қа­тыстырылған жоқ. Бұл – сайыс қана емес, мамандардың өзара тәжірибе алмасу алаңы іспетті. Өйткені, әр спартакиада сайын қатысушылардың легі алмасып отырады. Әр команда үш адам­нан жасақталғанын айту қажет. Әсіресе, жас ма­мандар­дың үле­сі басым.

Ал жерлестеріміздің командасында бір “Жедел жәрдем” дә­рігері мен екі көмекші фельд­шер өңір намысын қорғады. “Же­дел жәрдем” дәрігері Ділмұрат Шав­дунов бір ай көлемінде ха­лық­аралық талапқа сай ар­найы жат­тықтырушылармен да­йын­дал­­ған­дарын, мұн­­дай айтулы шара өңірде ал­ғаш рет ұйымдастырылып отыр­ға­нын жеткізді. Олар түрлі жас­тағы адамдарға реанима­ция­лық (со­ның ішінде нәресте­лер де бар), әйелдерді босан­дыру, жа­ра­қат­танғандарға кө­мек көрсету сынды тапсырма­лар­ды орын­дады.

Спартакиаданың қорытын­дысы бойынша 1 орынды Абай об­лысынан келген команда иелен­се, екінші және үшінші орындар­ға Солтүстік Қазақстан мен Маң­ғыстау облыстарының медици­налық қызметкерлері жайғасты. Жеңімпаздарға ақшалай сер­тификаттар мен бағалы сый­лықтар берілді.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp