«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ашық әрі қолжетімді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі уақытта мемлекет­тік қызметтер қоғамда маңызды рөл атқарады. Олар ха­лықтың қажеттілікте­рін қанағаттандыруды және аза­маттардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет пен оның азамат­тарының өзара іс-қимылының негізгі эле­менті болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді са­палы көрсетуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен азаматтардың тұрақты және бел­сенді өзара іс-қимылы, қызмет көрсету кезінде бизнес-үдеріс­терді үздіксіз жетілдіру, мемле­кеттік органдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қажет. Бұл мемлекеттік жүйенің тиімді жұмыс істеуі, халыққа қызмет көр­сету деңгейін жақсарту және мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру үшін жағдай жа­сауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдар тара­пынан мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын, сондай-ақ азаматтардың өз құқықтары туралы хабардар болу деңгейін үнемі арттыру қажеттілігі бірқатар фак­торларға байланысты.

Біріншіден, басқарудың за­ма­науи технологиялары мен әдістері қызмет көрсету үдеріс­те­рін автоматтандыруға, аза­мат­тардың тікелей өтінішін қа­жет етпей қызмет көрсетуге мүм­кіндік береді.

Екіншіден, әлеуметтік-эконо­микалық дамудың қазіргі қар­қынын сақтау және жақсарту аза­маттар мен бизнестің мемле­кеттік қызметтерді тез, тиімді және сапалы алу мүмкіндігімен тығыз байланысты.

Азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету үдерістеріне ық­пал ету, мемлекеттік органдар­дың жұмысына өз қажеттіліктерін білдіру мүмкіндіктері бар. Мемлекеттік орган­дар өз кезе­гінде халықтың пікірі мен ұсыныстарын тың­дауға, жаңа қызметтерді әзірлеу және енгізу кезінде оларды ескеруге тиіс.

Мемлекеттік қызметтер көр­сету сапасын үнемі арттыру және мемлекеттік органдар мен азаматтардың осы мәселеде белсенді өзара іс-қимылы ха­лыққа қызмет көрсетудің ашық және қолжетімді жүйесін құру үшін негіз болады. Бұл азамат­тардың өмір сүру сапасын жақ­сартуға, мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыруға және билікке деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Рес­публикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жар­лығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырым­дамасына” сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін да­мытудың негізгі трендтері сервистілік және клиентке бағдар­лану қағидаттары болып табы­ла­ды, ал мемлекеттік қызметтер тек жеке қызметтерді ғана емес, сондай-ақ бүкіл қоғамның мүд­десі үшін мемлекет көрсететін қызметтерді де қамтитын бо­лады.

Мемлекет пен оның азаматтары арасындағы тығыз ын­тымақтастықта ғана мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоға­ры деңгейіне қол жеткізуге бо­лады. Көрсетілетін қызмет беру­шілердің әрекеттеріне (әрекет­сіздігіне) шағымдар болған жағдайда, департаментке жүгінуге болады.

Асқар БАЙМҰҚАНОВ,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp