«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қаржылық сауатын арттырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қарызсыз қоғам” жобасы ая­сындағы оқу курстары Петро­павл қаласынан бөлек, аудан­дарда да өтіп жатыр. Оқуды 4 биз­нес-сарапшы өткізуде.

Жоба борышкерлердің са­нын азайтып, халықтың қарыз жүктемесін төмендетуге бағыттал­ған. Қазіргі таңға дейін өңірде 3200 адам қаржылық сауатын арттырып үлгерген. Қаржылық сауаттылық жөніндегі сарапшы Дмитрий Шледевицтің айтуына қарағанда, курстан өтіп жатқан­дар арасында түрлі жағдайға тап болған жандар жетерлік. Халық­тың басым көпшілігі аса қажеті жоқ тауарлар мен қызметтерді де несиеге рәсімдейді екен.

“Консультацияда қиын жағ­дайға тап болған тұрғындарды анықтаймыз. Көп жағдайда аза­маттар өз проблемаларымен банкке жүгінуден қорқады. Біз тұр­ғындарға мәселені бастапқы ке­зеңде шешу керектігін, қиын жағ­дайдан шығудың жолы бар еке­нін айтамыз. Бір сөзбен айт­қанда, жоба өз нәтижесін беріп жатыр”, – деп атап өтті қаржылық сауаттылық жөніндегі сарап­шы Дмитрий Шледевиц.

Партия мүшелерінің, мем­ле­кеттік органдар өкілдерінің, екін­ші деңгейлі банктердің және заң консультанттарының қатысуы­мен өткен кеңесте “Қарызсыз қо­ғам” жобасын іске асыру кезінде туындайтын мәселелер талқы­ланды.

“Қарызсыз қоғам” жобасы жыл соңына дейін жалғасады. Жос­пар бойынша оқудан 5500 адам өтуі керек.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp