«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қысқа әзірлік қарқынды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қыстың қамын жаз ойла”, – демекші қазір ауыл тұрғындары қысқа әзірлік қамында. Тұрғын­дар ғана емес, шаруалар да қыр басында қызу еңбек етуде. Қысқа әзірлік барысында жемшөп сау­дасы да қыза түсетіні ақиқат. Бұл орайда Уәлиханов аудандық мәслихат депу­таттары Ақтүйесай ауылдық ок­ру­гіндегі жұмыспен та­нысты.

Округ әкімі Мырзабек Нұрға­зин және учаскелік полиция ин­спекторы Талғат Байменовпен бірге бірқатар шабындық алқап­тарды аралап, аудан бойынша ба­ғаны көтермеу жөнінде әңгіме жүргізді. Шөп шауып жатқан Ақ­түйесай ауылының тұрғыны Ержан Сауытбековпен де сөйле­судің сәті түсті.

– Қазіргі уақытта өзіме және туыстарыма шөп шауып жатыр­мын. Содан кейін ғана шөпті са­туға дайындаймын, – деді ол.

Округ әкімі Ержан Сауыт­беков өткен жылы шөп орамының ор­таша бағасы 15 мың теңгені құра­ғанын, ал Ақтүйесай ауы­лында 8 мыңнан аспағанын атап өтті. Біз ағайынды Тұрсынбек пен Бақыт­жан Алдабергеновтер, Ғалымжан Қожахметов, Аян Нау­кин, Вла­димир Косинов, “Ибра­гимов” фермерлік қожалығының шабын­дық алқаптарында бол­дық. Аты аталған азаматтардың арасында кейбір отбасыларды шөппен тегін қамтамасыз ететін­дер де бар еке­нін айтып өту қажет.

Ақтүйесай ауылында 14 ша­бындық бригада жұмыс істеуде. Тұрғындар ауа райының қолайлы сәтін тиімді пайдалануда. Кү­зексай ауылында да шөп шабу нау­қаны қызу жүруде. Қазір “Таш­маков”, “БАТШ”, “Төрт Түлік” ша­руа қожалықтары шабындық басында еңбек етуде.

Бибінұр ТОПАНБАЕВА,

Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp