«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕС СПОРТТАН БАҚ СЫНАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөлде “Жастар” облыстық спартакиадасы өтті. Дәстүрлі жарысқа 18 бен 23 жас аралығындағы 400-ге жуық спортшы қатысты.

Спартакиада спорттың бес түрінен өтті. Ұлдар грек-рим күресінен сынға түссе, қыз балалар әйелдер күресінен өзара мықтыны анықтады. Сондай-ақ жағажай волейболына, шағын футбол мен жеңіл атлетика жарыстарына қатысты. Биылғы жарыс үш күнге созылды. Оның қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Қызылжар ауданының жастары жеңімпаз атанды. Екінші орын ақжарлықтарға бұйырса, үшінші сатыға Ғабит Мүсірепов атындағы аудан жайғасты. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен кубоктар табысталды. Чемпиондарға – 500 мың, күміс медаль иегерлеріне – 300 мың және қола жүлде алған жастарға 200 мың теңге бұйырды.

Марат ШЫНТЕМІРОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp