«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жастар — жазғы лагерьде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Березка” лагерінде Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық альянсы қауымдастығының ұйымдастыруымен “Көшпенділер” атты жастардың үш күндік жазғы лагері өтті.

Облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында өткен жиынға Петропавл қаласы мен облыстың өзге аудандарынан белсенді жастар қатысты. Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын насихаттау, белсенді және дарынды жастарды қолдау. Кешенді жоспар аясында ұйымдастырылған жиында жастар уақытты қызықты өткізді. Шара барысында жастардың көшбасшылық қасиеттерін, топпен жұмыс істеу және мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға бағытталған шеберлік сабақтары, тренингтер мен іс-шаралар, ұлттық және спорттық ойындар, флешмобтар ұйымдастырылады. Жиында Алматы мен жергілікті жерден қатысқан тренерлер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шеберлік сабақтары барысында қыз-жігіттер шаруашылық жұмыстарға да бейімделді. Жігіттер киіз үй құрса, қыздар бауырсақ пісіруді үйренді. Әлеуметтік кәсіпкерлік, креативті индустрия мен өзге де тақырыптар бойынша шеберлік сабақтары өтті. Жазғы лагерьде қатысушыларға әртүрлі ортада қарым-қатынас орнатуда моральдық және эмоционалдық көңіл күй қалыптастырудың жолы көрсетілді. Жиын соңында жастар сертификаттарға ие болды.

Әсел ЕСЖАНОВА,

“Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық альянсы қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp