«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕГІ ЖАҢА ӘДІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдың жолдарын жөн­­деуде ANT технологиясы қолданылуда. Аталған техноло­гия бойынша жолдарды салу және қолданыстағыларды қай­та қалпына келтіру жұмысын “ANT-ROADS” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі орындап жатыр.

Мамандардың айтуынша, ANT әдісі шетелдерде танымал болғанымен, біздің өңірде ал­ғаш рет қолданылып отыр. Бұл жаңа технология жұмыс үдері­сін айтарлықтай жеңілдетуге және жылдамдатуға, шығындар мен уақытты үнемдеуге мүмкін­дік береді.

Жаңа технологиямен әзірленген жол жабыны әзірге Жұ­мысшы кентіндегі Ломоносов көшесіне төселген. Сапасы кө­ңілден шықса, дәл осы әдіспен Петропавлдың басқа да көше­лерін қайта қалпына келтіру көз­делген.

– Биыл біз “СК Гарант” ас­фальт-бетон зауытымен ас­фальт қоспасын әзірлеуге келі­сім жасадық. Қазіргі таңда бұл зауыт Петропавл қаласының жолдарын асфальтпен қамта­масыз етуде. Жаңа технология оң нәтижеге қол жеткізген жағ­дайда “СК Гарант” бұл тәсілді тек қалада ғана емес, облыстық және жергілікті жолдарды жөн­деуде де қолданатын болады. Аталмыш зауыт сағатына 90 тоннаға дейін асфальт қоспасын шығара алады, – дейді “ANT – ROADS” ЖШС-ның директоры Нұрлан Құрманбеков.

ANT технологиясын жол­дардың барлық санаттарына, кез келген климаттық аймақтар­да қолдануға болады. Жоғары сапалы асфальт жасау үшін ал­дымен жолдың ескі жабыны­н алып тастап, оны модифи­каторға 12 сағатқа қайта өңдеу­ге қояды. Кейін оған қиыршық тас пен битум салынады. Сон­дай-ақ асфальт сапасы жоғары болуы үшін фиброталшықтар қосылады.

“СК ГАРАНТ ГРУПП” ЖШС-ның операторы Василий Григорен­коның сөзінше, ANT техно­логиясы Польша мен Үндістан­да кеңінен танымал. Үдеріс то­лығымен автоматтандырылған. Тас материалды кептіргіш бара­банға салып, оны 160-180 гра­дус температураға дейін қыз­дырады. Кейін фракцияларға бөледі. Со­дан соң би­тум қосып, нәтижесінде дайын өнім пайда болады.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp