«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЙБІР АУЫЛДА ӘЛІ КҮНГЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖОҚ (“Ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын”)

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде ауылдан қалаға көшу белең алуда. Оның түрлі се­бебі бар. Жастардың дені ауылда тұрақтап қалғысы кел­мей­ді. Жайлы өмір, жақсы тұр­мысты кім қаламайды дейсің. Егер ауылдарда сол жастардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жа­салса, елден береке кетпес еді деп ойлаймын.

Ауылдық жер­лерде тиісті жағдай жасалмаға­нына көңіл құлазиды. Жас күні­мізде тапшылық, жоқшылық көр­сек те, қайтып келмес қайран күн­деріміз қызыққа толы еді. Жұ­мыс­тан қолы босаған жастар ауылдағы клубта би кештері мен түрлі шаралар ұйымдастыра­тын. Ол кезде клуб жастардың ба­сын қосатын үлкен орталық қызметін атқарды. Ауыл жаста­ры түрлі үйірмелерге қатысып, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге құштар болатын. Өкі­ніш­ке қарай, тоқсаныншы жылдардағы экономикалық қиындық­тарға байланысты мәдениет са­ласы тоқырап қалды.

Қазір ауылдардағы Мәде­ниет үйлері жөнделіп, бұл сала­ның дамуына көңіл бөлінуде. Десе де әлі атқарылуы тиіс ша­руа шаш етектен. Жастардың бо­лашағын ойласақ, біз ауыл мә­дениетін көтеруге барынша жағ­дай жасауымыз керек. Ауылға мектеп, балабақша, дәрігерлік пункт қалай керек болса, Мәде­ниет үйі де соншалықты маңыз­ды. Өскелең ұрпақты өнер, бі­лімге тәрбиелеп, ұлттық құнды­лықтарды бойына сіңіруді қала­сақ, алдымен мәдениет ошақ­тарын қалпына келтіруді қолға алу керек.

Қазір көп ауылда Мәдениет үйі санда болғанымен, санатта жоқ. Материалдық-техникалық ба­засы жасақталмаған, қажетті мамандармен қамтамасыз етіл­ме­ген. Сон­дықтан журналистің көтеріп отырған мәселесі орын­ды. Об­лыстық мәдениет бас­қармасы­ның мәліметі бойынша біздің об­лыста бірқатар руха­ният орда­ларына жөндеу жүр­гізіліп, жаң­ғырту жұмыстары қол­ға алын­ған екен. Құптарлық іс. Алайда бұл іс жоқты бардай, барды нар­дай етіп көрсетумен шектелмеуі ке­рек. Жасырып қай­тейік, об­лыс­­тың кейбір ауылда­рында әлі күн­ге дейін Мәдениет үйі жоқ. Мы­салы Айыртау ауда­нында қаза­қылықтың қаймағы бұзылмаған Бірлестік, Қарақа­мыс, Құмтөк­кен, Үкілі Ыбырай сынды ауыл­дарда Мәдениет үйі жоқ. Тіпті бол­маған. Қазір Бірлестікте Мәде­ниет үйі салы­нуда. Тәуелсіздік алға­ны­мызға 30 жыл өткен соң сең енді қозғалғандай. Ұрпа­ғы­мыздың қа­зақтың өнерімен, төл мәдение­тімен сусындап өскенін қаласақ, ауылдарда мәдени ошақтардың жұмысын жандан­дыру қажет.

Сәлима КЕНЖЕҒАЛИЕВА,

зейнеткер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp