«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тораңғұлдағы сүт фермасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы жылдары өңірі­мізде мал шаруашылығы­ның әлеуетін арттыру мақса­тында тауарлы-сүт фермаларының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Есіл ауда­нына қарасты Тораң­ғұл ауы­лында “Азия Тораң­ғұл” жауап­кершілігі шек­теу­лі серіктестігі бұл бағытта мақсатты жұмыс іс­теп жатыр. Қыркүйек айы­ның со­ңында шаруашылық жаңа кәсіп­орынды іске қоспақшы.

“Азия Тораңғұл” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тауарлы-сүт ферманың құрылысын 2022 жылдың күзінде бас­тады. Үш ғимараттан тұратын кешен араға екі жыл салып бой түзеді. Шаруашылықтың басшысы Петр Гольцердің айтуын­ша, екі нысан ірі қараға ар­налса, үшіншісінде сауын цехы орналаспақ.

– Мемлекеттің қолдауы арқасында тауарлы-сүт фермасын тұрғыздық. Жобаның құны – 3,5 млрд. теңге. Оның 2 млрд. теңгесі игеріліп, қажетті құ­рал-жабдықтар мен 500 симментал тұқымдас сиыр сатып алынды. Ірі қараны Германия мен Ау­стриядан әкелдік. Қазір қондыр­ғыларды орнатып жа­тыр­мыз, – дейді серіктестік директоры Петр Гольцер.

Тораңғұлдағы тауарлы-сүт фер­масы 800 ірі қараға шақталған. Бүгіндері жеткізілген 500 бас жаңа қораға жайғастырылды. Ке­шеннің құрылысы толық­қанды аяқталмаса да, сиырлар күніне үш рет сауылады.

– Сауылатын 300 сиырдан күніне 1000 литрден астам сүт аламыз. Сауын үрдісі автомат­тандырылған. Шикізатты Пет­ропавлдағы сүт өңдеу кәсіп­орындарына жеткізіп отыра­мыз, – деді сауыншы Арина Чес­нокова.

Әзірге фер­ма­да тұрақты жұмыспен 25 адам қамтылған. Олардың орташа жалақысы 250 мың теңгені құ­рап от­ыр.

Серіктестіктің бас зоотехнигі Михаил Волошконың айтуынша, Еуропадан жеткізілген Зеңгі баба төлі теріскейдің тосын та­биғатына тез бейімделген. Суықта да, ыстықта да күйін жо­ғалтпайды. Жыл соңына қарай шаруашылық тағы 300 ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде кешеннің жұ­мысы да толық қуатына кө­шіп, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp