«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮРМЕДЕ КӘСІП ИГЕРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы №50 әйелдер колониясындағы 45 сотталушы жаңа кәсіпті меңгерді. Мекемеде кәсіптік оқытуды 2 колледж жүзеге асырады. Жазасын өтеушілер тігінші, сәнгер-пішуші, шаштараз-стилист секілді мамандықтардың қыр-сырын үйренді.

Сотталғандардың дәл осы мамандықтарға қызығушылық танытуының өз себебі бар. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде де, одан тыс жерлерде де бұл мамандықтар сұранысқа ие. Оқу жылы ішінде жазасын өтеушілер теориялық білімді игерді, яғни электр жабдықтарымен, тігін ережелерімен танысты, қауіпсіздік техникасын оқыды. Содан кейін ғана практикалық сабақтарға кірісті. Оқыту уақыты – таңғы сағат 9-дан 13.00-ге дейін. Теориялық және тәжірибелік сағаттар қатар жүрді. Жылына шамамен 70-80 сотталушы қолына диплом алады. Петропавл кәсіптік колледжі алдағы оқу жылына 5 мамандық бойынша 90 жазасын өтеушіні қабылдады.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №50 мекемесінің инспекторы Тана Қазжанованың айтуынша, жазасын өтеушілер Петропавл кәсіптік колледжі және Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжінде білім алады. Мәселен, соңғы оқу орнын 22 жазасын өтеуші тамамдаған. Олар әрлеу-құрылыс жұмыстарының шебері, тігін өндірісі және киімді модельдеу, сәнгер-пішуші, шаштараз өнері мамандықтары бойынша білім алған.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp