«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қауіпті вирусқа екпе дауа

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Вирусты гепатит – қауіпті жұқпалы ауру. Бірінші кезекте адамның бауырына зақым кел­тіреді. Әлемдегі ең көп кең таралған аурулар қатарына жа­тады.

Вирусты гепатит әртүрлі ви­рустар тудырады. Олар латын ал­фавитінің А, В, С, D, Е, G әріптері­мен белгіленеді. А вирусты гепатиті көбіне күзде басталады және көк­темге дейін жоғары деңгейде бо­лады. Жылдың бұл кезеңіндегі ау­ру­шаңдықтың артуы қорға­ныш қабілетінің төмендеуіне, суық тиюге, тұрмыс жағдайына байла­нысты. Аталмыш вирусты гепатит­пен ауырған адам таратады. Клини­калық белгілері (терінің, несептің сарылығы, бауыр тұсының ауыруы және т.б.) пайда болғанға дейінгі инкубациялық кезең айналадағы адамдарға қауіпті болып саналады. Көбіне осы кезеңде ауруды байқау қиын және де науқастар үйде, ұжым­ның арасында жүреді. Науқас адам вирусты қоршаған ортаға нә­жіс, кейде несеп арқылы бөледі. Науқас қоршаған ортаның ласта­нуына себепші болады. Әртүрлі зат­тар арқылы бөбекжай, балабақша, мектеп пен тағы басқа жерлерде топтасқан балалар бір-біріне ин­фек­ция жұқтырады. Бұдан басқа са­нитарлық-гигиеналық режім бұзыл­са, қолды жумай тамақ ішсе, инфекция жұқтырып алудың қаупі жоғарылайтынын айту қажет. Сондықтан қалалар мен елді мекендерде санитар­лық талапты сақтап, балаларды ерте жастан тазалыққа дағдылан­дыру маңызды. Бұл аурудың алдын алу мен вирустың таралмауына мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ау­рудың алдын алу мақсатында 2 жастағы балаларға А гепатитіне қарсы екпе егілуде.

Әлсіздік, тез шаршау, тәбеттің болмауы, жүрек айнуы пайда бол­ған кезде дәрігерге қаралу қажет. Ауызда ащы дәмнің сезілуі, оң жақ қабырғаның төменгі жағының шаншуы, несептің қараюы бауырдың зақымдалғанын білдіреді. Бұл жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Ауызда, теріде сарғаю байқа­лады. Вирусты гепатит арнайы зертханалық зерттеулерге негізделеді.

“В” және “С” (парентеральды) ви­русты гепатит – жұқпалы ауру. Созылмалы бауыр циррозы мен обырдың дамуына әкеледі. Атал­мыш гепатит адам ағзасында ұзақ уақыт сақталып, созылмалы ауру түрін қалыптастырады. Ең ауыр түрі “С” немесе посттрансфузиялық ге­патит болып есептеледі. С гепатиті деп аталатын инфекция кез келген адамда болады, көбінесе жастарда кездеседі. Қазіргі кезде барлық донорлық қан міндетті түрде вирусты “В” және “С” гепатитінің бар-жоқтығына тексеріледі. Вирусты “С” гепатитінің тағы бір қаупі – қа­зіргі кезде дені сау адамды осы аурудан қорғайтын тиімді вакцина жоқ.

Инфекция жұққан адамның қан сары суы мен плазмасы бір немесе бірнеше аптадан бастап аурудың ал­ғашқы клиникалық белгілері анықталғанға дейін қауіпті болып саналады және вирус ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.

Қамар ОРАЗАЛИНА,

Қызылжар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp