«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЛЫҚ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2014 жылғы тамыз­дың 14-і күні Президент Жар­лығымен Салық комитеті мен Кедендік бақылау комитетін бі­ріктіру жолымен Мемлекеттік кі­рістер комитеті құрылды. Мем­ле­кеттік кірістер органдарын құру мемлекет үшін маңызды қа­дам болды. Себебі еліміздің эко­номикалық даму кезеңінде са­лық-кеден саясатын жүргізуде мемлекеттік аппарат пен бизнестің өзара іс-қимылын реттеу арқылы төлемдер мен салық­тарды жинау міндеттері ара­сындағы қажетті теңгерімді қам­тамасыз етуге бағытталған мем­лекеттік кірістердің тиімді бі­рың­ғай жүйесін құру қажеттілігі туындады.

Он жыл бұрын пайда болған органның басым бағыттары не­гізінде мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және кедендік ресімдеу мен ба­қылау технологияларын жетіл­діруге серпін берді. Сонымен қа­тар елдің көркейіп, әлеуметтік-экономикалық деңгейінің өсуі, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық тәртіп пен өзара береке-бір­ліктің ұштасуы, қоғамдағы адамдардың өмір сүру ахуалының жоғарылауы, ұлттық стандартқа жету – мұның бәрі салық түсімдеріне байланысты.

Департаменттің құрылым­дық бөлімшелерінің үйлесімді және жүйелі жұмысының арқа­сында 10 жыл ішінде мемле­кет­тік бюджетке түсетін түсімдер 354 пайыз өсу қарқынымен 56 млрд. теңгеден 194 млрд. теңге­ге дейін артты.

Цифрландыру мемлекеттік кірістер органдары жүйесінде үлкен серпінге әкелді. Ол соң­ғы онжылдықта көлеңкелі эко­номиканың үлесін төмендету және салық жинауды арттыру бойынша басты құралдардың біріне айналды.

Цифрландыру камералдық бақылаудың тиімділігіне де әсер етті. Бүгіндері электронды түрде хабарлама ала отырып, салық төлеушіге заң бұзушы­лық­тарды өз бетінше жою құ­қығы бе­ріледі. Біздің департа­мент 2014 жылдан бастап облыстық дең­гейде камералдық бақылаудың барлық функцияларын орта­лықтандыру жөнінде­гі қанат­қақ­ты жобаға қатысқан жалғыз де­партамент бол­ды.

Хабарламаларды пысық­таумен облыстық департамент­тің жоғары білікті мамандары ай­налысады. Бұл жұмысты жүйе­леуге, барлық салық төлеуші­лерге бірыңғай тәсілді қамтама­сыз етуге мүмкіндік берді.

Цифрландыру мемлекеттік қызметтерді дамытуға және ен­гізуге ықпал етті. Қазіргі уақытта онсыз өмірімізді елестету қиын­ға соғып отыр. Бүгінде біздің де­партаменттің облыстық және ау­дандық деңгейлерінде мемле­кеттік қызметтердің 34 түрі көр­сетіледі. Оның ішінде 31 қызмет электрондық нысанда іске асы­рылды. Автоматтандырыл­ған режімде салық есептілігі ны­сандарын қабылдау бойынша қызметтердің үлесі 99,9 па­йыз­ды құрайды.

Бүгінгі таңда кез келген са­лық төлеуші электронды түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеле алады. Сондай-ақ акцизделетін тауарларға лицензия алуға мүм­кіндігі бар. Қарыздың жоқтығы немесе бар екендігі туралы ақ­паратты біле алады. Бұдан бө­лек, салық есептілігін тапсы­руға және қайтаруға болады.

Негізгі қызметтен бөлек, де­партамент мамандары белсен­ді саламатты өмір сал­тын ұстана­ды, мәдени шаралардан қалыс қалмайды. Кейбір қызмет­керлеріміз халық­аралық жарыс­тарға қатысып, жеңіске жетіп жүр. Мереке қар­саңында департаменттің да­муы мен қыз­метіне өз үлесін қос­қан және Мемлекеттік кірістер органдары құрылуының бастауында тұрған құрметті салық, кеден қызметінің ардагерлерін ерек­ше атап өткім келеді. Олардың қатарында Судаков В.С., Ов­ден­ко Н. Ф., Шәкенова К. С., Есе­нов С.Б., Құлжанов Б.Н., Уакпаев С.К. бар.

Төлеген ҚАБДӨШЕВ,

облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp