«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОМИКСТЕР ӘЛЕМІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада балалар мен ересектерге арналған комикстер орталығы жұмыс істейді. Мұнда әлемге танымал авторлармен қатар қазақстандық суретшілердің де шығармалары бар.

Комикстер – қазіргі уақытта әдебиеттегі заманауи бағыттардың бірі. Сондай-ақ ол тек балаларға ғана емес ересектер үшін де қызықты. Сондықтан кітапханада екі жыл бұрын комикстер орталығы ашылған. Мұнда оқырман үшін қазақ тіліндегі комикстер де жинақталған. Олардың арасында ертегілер және “Қазақ мэн” деген атауы бар туындылар бар.

– Біз адамдардың назарын кітапқа бұру үшін заманның ағымына сай жұмыс істейміз. Осы ретте комикстер қорын жинақтап және үнемі толықтырып отырамыз. Мұнда балаларға арналған суперқаһармандар жайлы шығармалар да бар. Сондай-ақ ересектерге арналған кітап қоры да жеткілікті. Авторларымыздың қиялынан туған комикстерді оқырманға таныстырып жатырмыз, – дейді кітапханашы Дархан Баяхметов.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp