«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кәсіпкерлердің құқығы қорғалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс прокурорлары білім беру мекемелерінде еңбек ететін кәсіпкерлердің құқығын қорғады. Қадағалаушы орган білім беру саласының жұмысына талдау жүргізіп, нәтижесінде оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде өрескел заң бұзушылық жіберілгенін анықтады.

Облыстық білім басқармасының лауазымды тұлғалары бюджет және салық заңнамасының талаптарын бұза отырып, бюджеттік өтінімдерді дайындау кезінде мектепте бірреттік тамақтандыру құнын есептерде қосылған құн салығы – 12 пайызды ескермеген.

Кәсіпкерлерге тамақтандыруды ұйымдастырғандары үшін бір оқушыға қажетті 647 теңгенің орнына 614 теңге мөлшерінде төлем жасалған.

Соның салдарынан мектептерде тамақтандыру қызметін көрсететін 6 кәсіпкердің құқығы бұзылған.

Қадағалау органының актісі бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру қайта қаралып, кәсіпкерлік субъектілерімен қосымша келісімдер жасалды. Қаржыландыру 5,6 млн. теңгеге ұлғайтылды. Заң бұзушылыққа жол берген 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp