«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көкжөтел жұқтырған балалар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде көкжөтелмен ауырған балалар саны еселеп артқан. Дерт жұқтырған науқастардың ешқайсысы екпе алмағандығы анықталды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы жеті айда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекциялық бөлімінде 51 бала ем алып шыққан. Былтыр осы аралықта 10 балаға “көкжөтел” диагнозы қойылған.

“Нәрестелерде, әсіресе 6 айға дейінгі балада ауру кезінде көкжөтел энцефалопатиясы дамиды, бұл – мидың өзгеріске ұшырауы. Сондай-ақ өкпесіне зақым келеді, диафрагмасы жарылып, арты ауыр пневмонияға апарады. Аурудан кейін созылмалы бронхит, конвульсиялық ұстамалар, психосоматика және невроз пайда болуы мүмкін”, – дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Гүлнар Сайлауқызы.

Маманның айтуынша, көкжөтелдің алдын алудың негізгі және жалғыз жолы – инфекцияға қарсы вакцина егу.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, науқастардың көбі – бір жасқа дейінгі балалар.

Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, көкжөтелге қарсы екпе нәрестеге 2, 3 және 4 айында үш рет салынады. Ревакцинация негізгі иммунитетті сақтау үшін 18 айда қойылады. Әрі қарай 6 жасында вакцинаның қосымша дозасы қойылады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp