«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оқу жылына дайындық ойдағыдай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде биыл жалпы оқыту қо­рына 1480 млн. теңге бөлінген. Қа­зір тұрмысы төмен, көпбала­лы от­басынан шыққан оқушылар мек­тепке қажетті заттармен қам­тылып жатыр.

Биылдан бастап жалпы оқы­ту қорынан көрсетілетін мате­риал­дық көмек мемлекеттік қыз­мет ре­тінде бекітілген. Біржолғы төлем – 43 мың теңге шамасын­да. Өңір­де бұл көмек 11 мыңға жуық бала­ға беріледі. Олар – тұр­мысы на­шар, жетім және ата-ана қа­ра­уынсыз қалған оқушы­лар, тас­қыннан зардап шеккен, мемле­кеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың бала­лары.

Берілген қаражатты оқу құ­ралдарын алуға жұмсап, 10 күн ішінде ата-ана есеп беруі тиіс.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Татья­­на Протопопова өңірлік ком­муни­кациялар қызметінде өткен бри­фингте, бүгінге дейін 6498 балаға 281,6 млн. теңге тө­лем жа­салға­нын айтты. Бұдан бөлек, 37 мың оқушыны тегін ыс­тық тамақпен қамту үшін 3,8 млрд. теңге бөлінген.

“Тамақтану сапасын бақы­лау мақсатында мектептерде браке­раждық комиссиялар құ­рылды. Сонымен қатар барлық аудан­дарда ведомствоаралық сарап­тамалық топтар жұмыс істейді. Олардың құрамына ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре­ді. Биыл асханалардың жабдық­тары, жи­һаздарын жаңартуға, бей­небақы­лау орнатуға 424,3 млн. теңге бөлінді, бұл былтыр­ғыдан шамамен 3,5 есеге көп”, – дейді Татьяна Протопопова.

Маманның айтуынша, биыл 1-сыныпқа 7,3 мың бала қабыл­дан­ды, жалпы 75 мың оқушы бар. Сабақ 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Ба­лалар әдеттегідей үш ай дема­ла­ды. Сон­дай-ақ биыл 3-сыныптан бастап шет тілі, еңбек және бейнелеу өнері пәндері енгізі­леді.

Осы жылы 285 елді мекен­нен 2,5 мыңнан астам бала өзге елді мекенде оқымақ. 1,8 мыңнан астам оқушыны күнделікті тасы­малдау қажет болса, қалғаны интернатта жатып оқып, үйлері­не апта со­ңын­да барып отыра­ды. Бұл мақ­сатқа білім ордала­рының балан­сында 147 автокө­лік бар. Жыл сайын мектептер­дің автобус пар­кі жаңартылып келеді. Өткен жылы 29 мектеп автобусы сатып алынды. Биыл тағы 38 жаңа тех­никамен то­лықты.

Мектептердің материалдық-техникалық базасы да назардан тыс қалмады.

“Биыл біз 47 пәндік кабинет алдық, оның 38-і ауыл мектепте­ріне жөнелтілді. Сондай-ақ 1 STEM-зертхана, 1 робототехни­ка кабинетін сатып алдық. Мек­теп­тердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6,4 млрд. тең­ге бөлінді, бұл өткен жылдан 2 млрд. теңгеге көп.

Мемлекет басшысының тап­сырмасымен биыл 167 мектепте интернет жылдамдығы 100 Мбит/с дейін артты, оның ішінде 138 мектеп Starlink орна­ту нәтижесінде сапалы интер­нетке қол жеткізді”, – дейді бас­қарма бас­шысының орынба­сары.

Биыл облыста 53 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жүр­гізілді. 6,1 млрд. теңгеден астам қа­ражат бөлінді, оның ішінде: “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы бойынша 2,7 млрд. теңгеге 22 ны­сан, облыстық бюджеттен 3,4 млрд. теңге сомасына 31 нысан жөнделді.

“Негізінен кешенді жөндеу жұ­мыстары жүргізілді. Шатыр, тере­зе блоктары ауыстырылды, жы­лы­ту жүйесін жөнге келтірдік, электрмен жабдықтау, ішкі және сыртқы жұмыстар атқарылды.

Барлық жұмыстарды оқу жылы басталғанға дейін аяқтау­ды жоспарлап отырмыз. Жылы­ту маусымына дайындық та на­зар­да. Биыл қазандықтар мен қазан­дық жабдықтарын сатып алуға 1,6 млрд. теңге бөлінді. Бү­гінгі таң­да 86 қазандық және 78 қазандық жабдығы сатып алы­нып, орнаты­лып жатыр. Жылы­ту маусымына 98,1 мың тонна көмір сатып алы­на­ды, ол үшін 1,5 млрд. теңге бөлінді”, – дейді Татьяна Протопопова.

Облыстағы 24 колледжде 11 мыңға жуық студент білім алады. 1 курсқа 3,5 мың талапкер қа­был­данады. Оның ішінде жұ­мыс­шы мамандықтарға 1870 адам, басқаларына – 1500 адам алы­нады. Құжат қа­былдау 29 та­мызға дейін жал­ғаспақ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp