«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Салымшыларын алдады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл тұрғындарын алдаған құрылыс фирмасының екі басшысына қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, облыстық сотта құрылыс компаниясының құрылтайшысы мен басшысы жауап берді. Сотталғандар Петропавлда салынып жатқан көпқабатты үй салымшыларының ақшасын жымқырған. Яғни ақшаны құрылысқа қатысы жоқ қажеттіліктерге жұмсаған.

Мемлекеттік айыптау алаяқтар облыс орталығының 48 тұрғынын алдап, 400 млн. теңгеден астам шығын келтірілгенін дәлелдеді. Екеуі 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Апелляцияда облыс прокуратурасы алданған азаматтарды қолдап, соттың қаулысымен олардың талаптарын қанағаттандырды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp