«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“СИНТЕТИКА” САТАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста жыл басынан бері есірткіге қатысты 149 қылмыс тіркелген. Оның 97-сі – “синтетика” сату фактісі. Полиция қызметкерлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 476 килограмм 446 грамм әртүрлi есiрткi заттарын тәркілеген. Оның ішіндегі 5 килограмм 611 граммы – синтетикалық есірткі.

Соңғы уақытта өңірде “синтетика” саудасына қызығатындар көбейген. Мәселен, қара нарықта барлығы 81 сауда тіркелсе, оның 73-інде синтетикалық есірткі заттары сатылған.

Полицейлер есірткі жарнамасын, тыйым салынған заттарды сататын интернет-дүкендерді, есірткі жеткізушілерді тартатын интернет ресурстарды анықтап, бұғаттауда. Қаңтар айынан бастап осындай 48 сайт жұмысы тоқтатылды. Күмәнді адамдар туралы ақпаратты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының t.me/sko_narkohelp_bot Telegram-ботына хабарлап отыруды сұраймыз. Қазіргі уақытта облыс тұрғындарынан полицияға тыйым салынған затты өткізу фактісі бойынша екі хабарлама келіп түсті. Осы бойынша тексерістер жүргізілуде.

Руслан ҮМБЕТОВ,

облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp