«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұстазына “темір тұлпар” мінгізді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айтыскер ақын Әлібек Серғалиев облыс орталығынан шалғай орналасқан Шал ақын ауданы, Ысқақ Ыбыраев ауылында тұратын ұстазы Қойшыбай Шәниевке “темір тұлпар” мінгізді.

Мектеп партасында отырған бастауыш сынып оқушысы Әлібектің дәптерін тексеріп отырып, оралымды өлең жолдарын алғашқы ұстазы, марқұм Бақыт Кәкіжанқызы аңғарады. Жас баланың қабілетін жұбайы Қойшыбай Шәниевке айтады. Ол болашақ ақынның қабілетін танып, бір топ өлеңіне алғы сөз жазып, аудандық газетке жариялатқан. Осылайша жас талаптың өлең өлкесіндегі тұсауы сәтті кесіліп, жылдар өте ел-жұрты тік тұрып қошеметтейтін талантқа айналды.

– Мені шәкірт санайтын “ұстаздар” көп. Шынайы ұстазым – Сізсіз! Осы сыйымды өмірлік таңдауымды айқындап, болашағыма жол ашқан Сізге деген шын ықыласым ретінде қабылдағайсыз, – деген шәкірті ұстазының алдында толқи сөйледі.

“Жүйрік болар тұлпарды тай күнінен таныған” сатирик ағамыз немістің “Volkswagen-Passat” жеңіл көлігін алып келген шәкіртіне басында сеніңкіремей, әзіл деп ойлаған екен.

– Алқап басында жүргенде Әлібек балам іздеп келді. Көлік алып келгенін айтқанда қалжыңдаған түрі шығар деп мән бермедім. Өйткені ол бала күнінен әзілкеш жігіт еді. Қолыма көліктің кілтін ұстатқанда төбем көкке бір елі жетпей қалды, – деді Қойшыбай Шәниев.

Шығармалары “Soltüstık Qazaqstan”, “Egemen Qazaqstan”, “Ара”, “Бұқпа” басылымдарында жиі жарық көріп жүрген Қойшыбай Шәниевті оқырман сатиралық шығармалары арқылы жақсы таниды.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp