«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗ ШЕКАРА АСҚАНДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы жылдары шетелге барып, қара жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны едәуір артты. Оған ол жақ­та­ғы жал­ақының көптігі басты се­беп болып тұр. Айына ең кемі 500 мың теңгеден бастап 3 млн. теңгеге дейін та­быс та­бу­ға болады екен. Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлім­де­ме­сі­не сүйенсек, қазір қазақстандықтар арасын­да сұра­ныс­қа ие мемлекеттердің көшін Оңтүстік Корея, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания бастап тұр.

Соңғы кездері жұрттың бәрі шетелге барғысы келеді. Жұмыс істеп, тұрақтап қалуды арман­дайтындар жетіп артылады. Ебін тапқандар заңды да, заң­сыз да жолмен кетіп жатыр. Әсі­ресе АҚШ қоғамына кірігіп, ең­бек етіп жүргендер көп, дәл сол сияқты осы елге өз бетінше ұр­ланып ба­рып, ұсталып жатқан­дар да аз емес. Тіпті Telegram арна­сында “Америкаға Мексика арқы­лы бару” деген арнайы чат та бар. Чатқа елі­міздің мыңнан ас­там адамы тір­келген. Оған қоса “Орта Азиядан Мексикаға дейін маршрут ұйымдастырып, виза жасап береміз” деген алаяқтар да адамдарды айналдыратын көрінеді.

Американың грин-карта ло­те­реясы – бақуатты өмірдің кілті деп жатады. Сондықтан жылына миллиондаған адам АҚШ үкіметі ұйымдастыратын ұтысқа қатысып, бақ сынайды. Ло­те­рея­ға қа­тысып, жеңімпаз ата­нған қазақ­стандықтар саны артып келеді деген сөз жиі айтылады.

Грин-карта дегеніміз – АҚШ-тың шетел азаматтарының елде тұруына, жұмыс істеуіне рұқсат беретін ықтиярхаты. Оны алған адам АҚШ-та бес жыл тұрғаннан кейін азаматтыққа өтініш бере алады. Грин-карта деген құжат жа­сыл түсті болады. Green сө­зінің өзі жасыл деген мағына бе­реді. АҚШ грин-картаны жыл сайын бір миллионнан астам адамға береді.

Соңғы уақытта Орталық Азия елдері азаматтарының АҚШ-қа Мексика арқылы заңсыз өтуі жиілеген. Алды­мен Богота, Панама және Мана­гуаға жетеді. Одан әрі қарай Никарагуа, Гон­дурас, Гватемала елдерін басып өтіп, Мексикаға та­бан тірейді. Жолы болса сол жерден Аме­ри­каға өтіп кетеді. Былтырғы жылы Өз­бекстаннан 17 мың адам, Қыр­ғыз­станнан 7 мың адам, Тәжік­станнан 3 мың адам, Қазақстаннан 2,7 мың адам, Түркімен­станнан 2 мыңға жуық адам Аме­рикаға заңсыз кірген.

АҚШ-та олар босқын мәрте­бесін алуға, бірнеше жылдан соң грин-картасына қол жеткізу­ге ұмтылады. Грин-карта оларға сол жақта тұрып, жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бірақ Америкаға барғандардың ішінде алаяқтарға алданып немесе ше­кара заңын бұзғаны үшін ұста­лып жатқандар аз емес. Ал соң­ғы асу деген Мексиканың өзінде түрлі келеңсіздікке ұшырап, тіпті із-түзсіз жоғалып кеткендер де бар көрінеді. Таяуда АҚШ шекараны заңсыз кесіп өткен­дерді бірден шығарып жіберетін тәртіп енгізді. Бір шығарылған адам бес жыл бойы қайтып ол елге аяқ баса алмайды. Соның өзінде АҚШ-қа қарай анталаған жұрттың қарасы азаймай тұр.

Әлеуметтік желіде Жанат Ша­миғанов есімді азамат туралы естімеген адам жоқ шығар. Тайынша ауда­нында дүниеге келген жерлесіміз алпауыт елге заңсыз жету хи­каясын егжей-тегжейлі баяндап береді. Ол Ор­талық Америка­ның жеті елін аралап өтіпті. Өте ұзақ жолдың 500 шақырымын жаяу жүрген. Ол алдымен Ко­лумбияға ба­рып, одан Панама шекарасына өткен. Сол жерде джунглиге кіріп, әрі қарай жаяу жүрген. Кос­та-Рика, Никарагуа, Гондурас, Гватемала жерлерін басып өтіп, Мексикаға жеткен. Жолының бәрі қауіп-қатерге толы болып­ты. Қашып жүрген қылмыскер­лер, кісі тонайтын­дар өткен-кет­кендерді аңдып жү­ретін кө­рінеді. Тоналған қытай­ларды ке­зіктірген, жоғалып кет­кен қыр­ғыздар жайлы естіген. Әйтеуір жолы болып, Мексика арқылы Америкаға заңсыз өтіп­ті. Қазір орайы келген жұмысты істеп жүр­генін айт­қан. Жүрісі заңсыз болғандық­тан, бір жерге рәсім­деліп орна­ласа алмайды. Бірақ ал­дағы күн­нен үміті бар. Ол келе-келе грин-картаға қол жет­кізсем, сол жақта жұмыс істеп, тұрақтап қал­сам деген ниетпен барса керек. “Тәуекел түбі – жел қайық, өтесің де кетесің” демек­ші, Америкаға Жанат Шамиға­новқа ұқсап тәуе­келмен аттана­тындар аз емес.

Мәселен, биылғы жылы Ка­риб теңізінің Колумбия жаға­лауында 20 мигрант мінген қайық аударылып қалған. “Voice of America” сайтының мәліметін­ше, қайықта Қазақстанның аза­маттары да болған. Теңізге бат­қан қайықтағы бір мигрант қаза тауып, тағы төрт адам із-түзсіз жоғалған. Жағалау құтқарушы­лары 15 мигрантты аман алып қалған.

“Voice of America”-ның жа­зуынша, аман қалған адамдар­дың ішінде алты бала бар. Олардың екеуі – Қазақстаннан, үшеуі – Венесуэладан, бір ба­ланың азаматтығы белгісіз. Қайықта Қазақстан, Колумбия, Эквадор, Иран, Никарагуа, Ве­несуэла азаматтары отырған екен. Мигранттар мінген қайық Никарагуаның шығысына қарай орналасқан Сан-Андрес және Провиденсия аралының ма­ңын­да суға батқан.

Осындай жағдайларға қарамастан шетелге барып табыс тапқысы келетіндер толастар емес. Өзін ғана емес, толықтай отбасының басын қауіп-қатерге тігіп, заң­сыз шекара асуды жоспарлап жүрген жауапсыздар жетерлік.

Қалтаны толтырудың жайын ойлап, шетелге заңсыз кетіп жат­қан азаматтарымыздың жай-күйі алаң­датарлық. Се­бебі заңсыз жүрген олардың бас амандығына да ешкім жауапты емес.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp