Облыс орталығында “Жедел жәрдем” қызметкерлері зейнеткерді өлім аузынан аман алып қалды.
“Жәдел жәрдем” станциясына 64 жастағы ер адамның ауыр халде жатқаны туралы хабар түседі. Зейнеткерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге 3 маманнан құралған фельдшерлік бригада барған. Дәрігерлерге ер адам кеудесі ауырып тұрғандығын айтқан. Ал ЭКГ-ны алар кезде қан айналымы тоқтап қалады. Ақхалаттылар дереу ACLs стандарттары бойынша кеңейтілген реанимациялық іс-шаралар жүргізуге кіріскен.
Мамандардың айтуынша, жанама жүрек массажы, Амбу қапшығымен желдеткіш, екі рет дефибрилляция жүргізілген. Науқасқа адреналин, сантадарон препараттары енгізіледі, алты минуттық реанимациялық әрекеттен кейін ғана сырқаттың қан айналымы қалпына келіпті. Кейін науқас кардиологиялық орталыққа жеткізілді. Қазіргі уақытта есін жиған. Өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ,
облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.