Көлік санының артуынан жол-көлік ережелерін бұзу фактілері жиіледі. Дені кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен орын алуда. Соңғы жеті айдың ішінде облыста осындай 55 дерек тіркелді. Салдарынан бір бала қаза тауып, 65-і жарақаттанды.
Жол-көлік оқиғаларын және балалардың жарақаттануын алдын алу мақсатында жергілікті полиция қызметінің мамандары білім басқармасымен бірлесіп, кәмелеттік жасқа толмағандардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары қалалық патрульдік полиция батальонының офицерлерімен бірге облыс орталығының орталық көшелерімен жүріп, тақырыптық жадынамалар мен буклеттер таратты.
Облыста жас жол инспекторларының 287 жасағы жұмыс істейді, оның құрамында 4 мыңнан астам мектеп оқушысы бар.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы.