«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Күдікті төртеу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тайынша ауданы тұрғыны­ның үйіне басакөктеп кірген қа­рақшылар оның құны шамамен 640 мың теңге болатын дүниесін алып кеткен.

Облыстық полиция департа­менті баспасөз қызметінің мәлі­метінше, қылмыс 9 тамызға қа­раған түні жасалған. Белгісіз адамдар 41 жастағы ауыл тұр­ғынының үйіне кіріп, оны және 12 жасар жиенін скотчпен байлап, үй­дегі бар ақшаны, екі ұялы те­лефонды және алтын бұйым­дарды қолды қылған.

Қылмыскерлер үйден шығып кеткеннен кейін бала жақын маң­дағы учаскелік полиция инспек­торының үйіне барып, болған жағ­дай туралы хабарлаған.

Полицияның барлық күштері дереу күдіктілерді іздеуге жұ­мылдырылды. Тәртіп сақшыла­ры есепте тұрған адамдарды тек­серіп, ауылға кірген бөтен кө­ліктер туралы ақпарат жи­найды.

“Нәтижесінде күдікті ретінде өңірдің және көрші Ақмола облысының 30 бен 38 жас аралы­ғындағы төрт тұрғыны анық­тал­ды. Тайынша ауданының поли­ция бөлімі және криминалдық полиция басқармасының жедел қызметкерлері оларды Астана қаласының аумағынан ұстады. Қазіргі уақытта айыпталушының үшеуі қамауға алынды. Ұр­лан­ған заттардың бір бөлігі тәр­кі­ленді. Қазіргі уақытта тонау фак­тісі бойынша сотқа дейінгі тер­геу жүргізіліп жатыр”, – дейді об­лыс­тық полиция департаменті кри­миналдық полиция басқар­масының бастығы Иван Терзиди.

Күдіктілердің қарақшылық шабуыл жасағаны дәлелденген жағдайда сот үкімімен олар 7 жылдан 12 жылға дейінгі мер­зім­ге бас бостандығынан айыры­луы мүмкін.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp