«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ СПОРТТА АЛДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданынан түлеп ұшқан атақты спортшылардың қатары қалың. Ел намысын әлемдік аренада қорғап жүрген саңлақтардың бір шоғыры осы аудан өкілдері. Грек-рим күресінен әскерилер арасында әлем чемпионы Аманғали Бекболатов, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен Азияның үздігі Алексей Луценко – ел мақтаныштары.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортқа көп көңіл бөліп, ауылдық елді ме­кендерде арнайы спорттық ке­шендер салуды тапсырған бо­латын. Өткен жылы Қызылжар ауданының Знаменское, Бугро­вое, Налобино, Пресновка және Бескөл ауылдарында жергілікті бюджеттен бөлінген 73 млн. теңгеге шағын футболға арнал­ған жасанды жамылғысы бар алаңдар тұрғызылды. Сондай-ақ Пеньково, Боголюбово, Ви­но­градовка мен Подгорноеда спорттық алаңқайлар орнатыл­ды. Биыл бұл жұмыс жалғасын тауып, тағы бес футбол алаңы салынып жатыр, аудан орта­лығында жабық хоккей корты­ның құрылысы басталды. 2025 жылы Бескөлдегі стадионды жа­ңарту жоспарда бар. Жалпы ау­данда 226 спорттық нысан жұ­мыс істейді.

Ауылдық жердегі спорттық ны­сандардың көптеп салынуы саламатты өмір салтын ұстана­тындар қатарының артуына сеп болды. Бүгіндері аудан тұрғын­дарының 44 пайызы, яғни 20668 адам тұрақты түрде спортпен шұ­ғылданады. Дегенмен, әлі де кейбір ауылдарда спорттық ны­сандар жетіспейді. Бұл мәселе аудан әкімінің де назарында. Дене шынықтыру және спорт бө­лімі ауыл жастарын, жалпы тұр­ғындарды спортқа тарту үшін мек­тептердің залдарын пайда­ла­нуға ниетті. Бұдан бөлек, біз елді мекендердегі кәсіпкерлерді арнайы спорт кешендерін са­лу­ға үгіттеп келеміз. Жеке бизнес субъек­тілерінің демеушілігімен ашылған нысандар баршылық. Жарқын мысал ретінде Новони­кольское ауылындағы “Зенчен­ко және К” командиттік серіктес­тігін айтуға болады. Жомарт жан­ның қаражатына осыдан бірнеше жыл бұрын тұрғындар­ға арналған спорттық кешен мен жүзу бассейні тұрғызылды. Қазір халық бос уақытында спортпен айналысады.

Қызылжар ауданында бұқа­ра­лық спорттың дамып келе жат­қанының тағы бір белгісі – об­лыстық және республикалық жа­рыстардағы жерлестеріміздің жеңістері. Жыл басталғалы спорт­шыларымыз талай додаға түсіп, қанжығаларын майлап қайтты. Халықтық спорт ойын­дары бағдарламасына кіретін “Ақ бидай”, “Солтүстік”, “Қызыл­жар”, “Жастар” және “Үміт” спар­такиадаларында жерлестеріміз жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Биыл “Солтүстік – 2024” қыс­қы спорт ойындары Бескөлде өт­кені мәлім. 13 ауданнан келген спортшылар бірнеше спорт тү­рі­нен сынға түсті. Финалдық кез­десулердің басым бөлігі аудан орталығында ұйымдастырыл­ды. Біздің командамыз жалпы командалық есепте бірінші орын­ды иеленді. Ал маусым айында облыс орталығында мүм­кіндігі шектеулі жандар ара­сында өткен “Үміт” спартакиа­дасында да қызылжарлықтар жеңіс тұғырына көтерілді.

Ауданда ұлттық спорт түр­лері да жақсы дамып келеді. Бескөлдегі “Құлагер” ип­под­ро­мын­да жыл сайын түрлі бәй­гелер өткізілетінін атап өткен жөн. Биыл жерлестеріміз шіл­денің 10-13 күндері аралығында Айыр­тау ауданында өткен “Қы­зылжар – 2024” ұлттық спорт спартакиадасына қатысты. Оның қорытындысы бойынша командамыз жалпы команда­лық есепте екінші орыннан кө­рінді. Ал тамыз айының басын­да Есіл ауданының орталығы Яв­ленка ауылында “Ақ бидай” ойындары өтіп, ауыл спортшы­ларынан құрылған құрама күміс жүлдегер атанды. Ауыл жаста­рының спорттағы жұлдызы жарқ етіп жанатын шаралардың бірі – “Жастар” спартакиадасы. Осы жолы дәстүрлі жарыс Уә­лиханов ауданының орталығы Кішкенекөл елді мекенінде өтті. Біздің жастар жалпы команда­лық есепте тағы да жеңіс тұғы­рына көтерілді. Халықтық спорт ойындары бағдарламасын түйін­дейтін болсақ, Қызылжар ауданы осымен үшінші жыл қа­тарынан облыстың үздік спорттық ауданы атанып отыр.

Азамат КЕМЕЛОВ,

Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp