Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өңірлік кадр комиссиясының отырысы өтіп, кандидаттарды өңірлік кадр резервіне қабылдау мәселесі қаралды.
Ғауез Торсанұлы өз сөзінде Мемлекет басшысы білімді жастар, сыни тұрғыдан ойлайтын ел патриоттары елімізді басқаруға белсене атсалысуы керектігін бірнеше рет атап өткенін жеткізді. Кадрлық резерв жастарға осындай зор мүмкіндіктер беріп отыр.
Облыстық кадрлық резервке іріктеу 5 кезеңнен тұрды. Резервке өту үшін 35 жастан аспаған, жоғары білімді жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар азаматтар қатысты. Барлығы 167 өтініш түсіп, ақтық кезеңге 34 үміткер өтті.
Отырыстың қорытындысы бойынша облыстық кадр резервіне 20 үміткерді алу туралы шешім қабылданды. Олар 2 жыл бойы жергілікті мемлекеттік органдардың түрлі лауазымдарына конкурссыз орналасуға мүмкіндік алды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.