Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында басшылық лауазымдағы қызметкерлерге қатысты екі тәртіптік іс қаралды.
Алдымен Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі Елдар Закириннің мемлекеттік қызметке жат іс-әрекеті қаралды. Ол жеке кәсіпкер тендерді ұтып алғанына қарамастан, келісімшартқа уақытылы қол қоймай, еш себепсіз уақытты созған. Осылайша шенеунік тарапынан Қылмыстық Кодекстің 50-ші бабының 1-ші тармағы бойынша шағын бизнес өкілінің құқығы өрескел бұзылған. Әдеп кеңесінің мүшелері бөлім басшысы атқарып отырған қызметіне сай емес деген шешім шығарды.
Екінші мәселе бойынша Петропавл қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Болат Қанғожиновтың түн мезгілінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны айтылды. Оған қатаң сөгіс жарияланды.
Диана САЛГАРИНА,
облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті бақылау басқармасының бас маманы.