«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Күре жолдағы күрсініс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жеті айда облыс­та 231 жол-көлік оқиғасы тір­келді. Салдарынан 21 адам мерт болып, 315-і жа­рақат алған. Жол апатта­рының 192-сі жүргізуші­лер­дің кінәсінен болған. 15 жағ­дай жүргіншілердің жолда жүру ережесін сақтамауы­нан орын алды. Бұл ту­ралы өңірлік коммуни­кация­лар қызметінде өткен бри­фингте айтылды.

Облыстық полиция депар­та­менті жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының мін­детін атқарушы Григорий Тыштың ай­туынша, өткен жылмен салыс­тырғанда жол-көлік оқиғалары саны шамамен 50-ге артқан.

“Жүргізген талдау нәти­жесін­де жол-көлік оқиғаларының ба­сым көпшілігі жұма-сенбі күндері бо­латындығы анықталды. Жол-көлік оқиғаларының көбі қара­пайым жол ережесін сақтамау салдарынан орын алып жатады. Жалпы өңірде жол қозғалысы тәртібін бұзғаны үшін 41 мыңнан астам құқық бұ­зушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олар­дың 6953-і белгі­ленген жылдамдықты асырса, 660 жүр­гізуші көлікті мас күйде тізгінде­ген”, – деді Григорий Тыш.

Сонымен қатар жол қозғалы­сы ережелерін өрескел бұзудың 19 мыңнан астам фактісі тіркел­ген. Қазіргі уақытта жолдардағы жыл­дамдық режімін қадағалау үшін арнайы жабдықталған екі “Кибер-Шериф” көлігі жүр. Ал республи­калық маңызы бар жол­дарда 15 патрульдік бағыт ке­зекшілік атқа­рады. Петропавлда тәртіпті 14 ав­топатруль қада­ға­ласа, ауылдық жерлерде бұл мін­дет полицияның учаскелік инс­пекторларына артыл­ған.

“Ел аумағында жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың жолда­ғы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақса­тында 26 ​​тамыз бен 6 қыр­күйек аралығында “Назар ау­дарыңыз, балалар! ” акциясы өтіп жатыр. Осы іс-шара барысында білім беру ұйымдарының жанын­да патрульдік бағыттар жұмыс істейді, әкімшілік полиция қыз­мет­керлері жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелер орналасқан жерлерде жол же­лісінің және көлік қозға­лысын ұйымдастырудың техни­калық құ­ралдарына тексеру жүр­гізеді”, – деді Григорий Тыш.

Полиция қызметкерінің ай­туын­ша, өткен жеті айда бала­лардың қатысуымен 55 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан, бір бала мерт болып, 65-і жарақат алыпты.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp