«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Басқарма басшысы ауысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысының өкімімен Дархан Әмрин облыстық кәсіп­кер­лік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Дархан Әмрин 1990 жылы Шал ақын ауданы Сергеевка қа­ласында дүниеге келген. М. Қо­зыбаев атындағы Солтүстік Қа­зақ­стан университетін экономика және бизнес бакалавры, ауыл ша­руашылығы бакалавры, С. Сей­фуллин атындағы Қазақ агротех­ни­калық университетін эконо­мика ғылымдарының магистрі ма­мандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы “Kaspi bank” акционерлік қоғамы­ның менеджерi болып бастаған.

2012 жылдан 2014 жылға де­йiн Қазақстан Республикасы Кө­лiк және коммуникация министр­лiгiнiң сарапшысы, “Қазавтожол” ҰК” АҚ-ның бас маманы болып жұмыс iстедi.

2014 жылдан бастап ұйым­дастырушылық-инспекторлық бө­лiм нұсқаушысы, облыс әкiмiнiң экономикалық мәселелер жөнiн­дегi көмекшiсi – бас маман, об­лыс әкiмiнiң көмекшiсi лауазым­дарында қызмет еттi.

2017-2020 жылдар аралы­ғында Солтүстік Қазақстан облы­сы әкiмi аппараты басшысының орынбасары 2020-2021 жылдары Айыртау ауданының әкiмi болды.

Кейін облыстық кәсiпкерлiк және индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшы­сының орынбасары қызметiн ат­қарды.

Бұл тағайындауға дейін “Kazakh Invest” ұлттық компа­ниясының өңірлік директоры бо­лып қызмет етті.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp