Өңір басшысының өкімімен Дархан Әмрин облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Дархан Әмрин 1990 жылы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында дүниеге келген. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін экономика және бизнес бакалавры, ауыл шаруашылығы бакалавры, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін экономика ғылымдарының магистрі мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы “Kaspi bank” акционерлік қоғамының менеджерi болып бастаған.
2012 жылдан 2014 жылға дейiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң сарапшысы, “Қазавтожол” ҰК” АҚ-ның бас маманы болып жұмыс iстедi.
2014 жылдан бастап ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлiм нұсқаушысы, облыс әкiмiнiң экономикалық мәселелер жөнiндегi көмекшiсi – бас маман, облыс әкiмiнiң көмекшiсi лауазымдарында қызмет еттi.
2017-2020 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкiмi аппараты басшысының орынбасары 2020-2021 жылдары Айыртау ауданының әкiмi болды.
Кейін облыстық кәсiпкерлiк және индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметiн атқарды.
Бұл тағайындауға дейін “Kazakh Invest” ұлттық компаниясының өңірлік директоры болып қызмет етті.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.