«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зияткер зейнеткерлер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда Конституция күні қарсаңында шахмат­тан аға буын өкілдері арасында турнир өтті. Жарысқа 20-ға жуық адам қатысты.

Зияткерлік ойынға қатыс­қан­дардың дені – 60-тан ас­қандар. Зейнеткерлер мұндай турнирлерге белсене қатыса­тыны белгілі. Олардың бірі – Бейбіт Әбілов.

– Шахматты мектепте үй­рендім. Қартайған шағымда бұл ойын ермегіме айналды. Біз сияқты зейнеткерлерге мұн­дай турнирлер қажет деп ой­лаймын, – дейді Бейбіт Әбілов.

Мерекеге орай ұйым­дас­ты­рылған турнирдің қорытын­ды­сы бойынша жүлдегерлер анық­талып, дипломдар мен сый­лықтар табысталды. Ал­да­ғы уақытта қариялар ара­сын­да шахматтан облыстық дода өтеді деп жоспарланып отыр.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp