«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Имамдарға арналған семинар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда имамдар мен тео­логтарға арналған оқыту семинары өтті. Бұл шараға дін мәселелері жө­ніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатыс­ты.

Семинардың мақсаты – тұрғын­дар арасында теріс діни ағымның та­ралуына жол бермеу. Өңірге келген дін мәселелері жөніндегі респуб­ликалық ақпараттық-түсіндіру тобы­ның мүшелері өз білгендерімен бө­лісті. Іс-шараның ұйымдастырушысы облыстық дін істері басқармасы­ның бас маманы Нұртас Нұрмағам­бет исламтанушылардың біліктілігін арттыруға баса мән беріліп отырғанын жеткізді.

Қазіргі уақытта өңірлерде теріс діни ағымның арбауына түскен аза­маттардың саны артуда. Осындай оқи­ғалардың алдын алу үшін елімізде ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейтінін айтып өткен жөн.

– Білімді имам дүйім жұртқа са­лиқалы әңгіме айтады. Дұрыс діни ілім алған адам теріс ағымның же­тегінде кетпейді. Мен семинар бары­сында масхабсыздық және оның төндіріп отырған қаупі туралы ой толға­дым. Ислам шариғатын түсінудегі қателіктер жайлы да сөз қозғалды, – дейді “Нұр-Мүбарак” Египет Ислам мәдениеті университетінің докто­ранты Сүлеймен Асқаров.

Облыстық дін істері басқармасы өкілдері теріс діни ағымдардың ал­дын алу мақсатында жыл басынан бері 1800-ге жуық іс-шара өткізген, нә­тижесінде 12 мың адам білікті мамандардан ақыл-кеңес алған.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp