Петропавлда Конституция күні қарсаңында шахматтан аға буын өкілдері арасында турнир өтті. Жарысқа 20-ға жуық адам қатысты.
Зияткерлік ойынға қатысқандардың дені – 60-тан асқандар. Зейнеткерлер мұндай турнирлерге белсене қатысатыны белгілі. Олардың бірі – Бейбіт Әбілов.
– Шахматты мектепте үйрендім. Қартайған шағымда бұл ойын ермегіме айналды. Біз сияқты зейнеткерлерге мұндай турнирлер қажет деп ойлаймын, – дейді Бейбіт Әбілов.
Мерекеге орай ұйымдастырылған турнирдің қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталып, дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Алдағы уақытта қариялар арасында шахматтан облыстық дода өтеді деп жоспарланып отыр.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.