«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұлпар тұяғының дүбірі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ұлы дала жорығы” халықаралық марафон-бәйгесі Айыртау ауданынан бастау алды. Шабандоздар облыс аумағын басып өтіп, Астанаға жол тартты. Аламанға еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелдерден келген 17 команда қатысты.

Адамзат баласы алғаш ат­ты ауыздықтап мінген – Бо­тай­дан, ел жүрегі Астанаға дейінгі 500 шақырымды артқа қалдыр­мақ. Дүбірлі доданың атақты Құ­ла­гердің тұяғы тиген аққайың­дар өлкесінен басталуы тегін емес. Басты мақсат – шет мем­лекет­терден келгендерге қы­зыр­лы Қызылжардың әсем та­биғатын паш ету, тарихты жан-жақты таныстыру. Бұл қо­ныс­та жабайы жылқы тұңғыш қолға үйретілгенін ұқтыру.

“Мемлекет басшысының қол­дауымен елімізде ұлттық спорт дамып келеді. Соның бір айқын дәлелі – ел астанасында Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтейін деп жатыр. Дү­бірлі дода арқылы шетелдіктер Қазақстанның тарихын, мәде­ниетін, салт-дәстүрін көре ала­ды”, – деді Ұлттық спорт қауым­дастығының президенті Исламбек Салжанов.

Шабандоздардың арасында Оңтүстік Африка, Иран, Түркия, Қырғызстан, Ресейдің Қара­шай-Черкес, Қабардин-Балқар, Татарстан аймақтары және со­нау Орталық Еуропада орна­лас­қан Мажарстан елінен кел­ген өкілдер бар. Ал ел на­мысын Маңғыстау облысының қос ко­мандасы, Алматы қала­сы, Жам­был, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жеті­су об­лы­сының құрамалары қор­ғай­ды. Қырғызстаннан келген спорт­шы Ержан Тоқбермерге­нов бұл бәйгеге өз елінде тың­ғылықты дайындалған екен. Қа­зақстанға келгеніне төртінші күн ғана болған.

Бір ерекшелігі, дүбірлі дода­ға қыздар да қатысып жатыр. Бірі – Маңғыстаудан келген “Суын” командасы болса, екін­шісі – Ақмола облысының “То­ми­рис” құрамасы. Ал Иран елі­нен келген шабандоздар мұн­дай айтулы іс-шараға бірінші рет қатысып отыр.

“Қазақстанда бұрын болған емеспін. Бізді жақсы қарсы алды. Қазақтарды қонақжай ха­лық деп естуші едім, соған көзім жетіп отыр. Жарысқа келетін болсам, 4 ай дайындалдық. Сіз­дердің елдеріңізге ерте келдік. Себебі, бізге климатқа үйрену керек. Бұл – спорттағы аса ма­ңызды фактор. Басты мақсатымыз – чемпион болу”, – дейді Ираннан келген Амин Рахшон.

Іс-шараны “Amanat” партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев ашып, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қоша­новтың құттықтау сөзін оқып берді.

“Дүбірлі дода көшпен­ділер­дің тамыры тереңде жатқан салт-дәстүрі мен мәдениетін бү­кіл әлемге паш етеді. Түбі бір түр­кі жұртының жауынгерлік өнері мен мәдени құндылықта­рын дамытады. Сондай-ақ бауырлас халықтар арасында­ғы достықты нығайтады”, – деді “Amanat” партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев.

Содан соң сөз кезегі облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұ­ма­ғұловқа берілді. Ол “Ұлы дала жорығы” марафон-бәйге­сін салтанатты түрде ашық деп жариялап, қатысушыларға сәт­тілік тіледі.

Іс-шара таң ағара басталса да, оны тамашалауға жиылған кө­рермендердің қара­сы қалың болды. Ең бірінші бо­лып жо­рық­қа Қырғызстаннан кел­ген ша­бан­доздар аттанды. Із суыт­пай екі минуттан соң маң­ғыстау­лықтар да жолға шықты. Бар­лық құрамалар Астанаға дейін 500 шақырымды еңсеруі тиіс. Әр 50 шақырым сайын тыны­ғу­ларына мүмкіндік бар. Дү­бірлі дода қыркүйектің 7-сі күні аяқта­лады. Жарыстың жеңім­па­зы­на 100 мың АҚШ доллары бері­леді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp