«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дәрігер тапшы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Президенті Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың биыл­ғы Жолдауында ұлт саулығын ны­ғайту үшін кешен­ді ша­раларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту мәсе­лесіне ерекше көңіл бөлінді.

Денсаулық сақтау саласын­да еңбек етіп жүрген соң мен ме­дициналық қызмет сапасын жақ­сартуға қатысты айтылған тың ойларға ерекше назар аудар­дым. Медициналық қызметтің қол­жетімділігін қамтамасыз ету күн тәртібінде тұрған өзекті мә­селе. Қазіргі таңда тұрғындар сақ­тандыру жүйесі бойынша қым­бат тұратын медициналық кө­­мекке қол жеткізуде. Алайда Пре­зидентіміз медициналық сақ­тандыру жүйесіне қатысты бір­қатар кемшіліктер орын алға­нын атап өтті. Науқастарға мем­лекет кепілдік берген қызмет­терді ақы­лы негізде алуды не­месе бірне­ше ай бойы кезек кү­туді ұсыну жайттарына тоқ­тал­ған Мемле­кет басшысы бұған жол беруге болмайтынын ес­кертті. Сондық­тан алдағы уа­қытта мемлекет ке­пілдік беретін медициналық кө­мектің бірыңғай базалық топта­масын жасау мін­деті тұр. Ең бас­тысы тұрғын­дарға көрсетілетін кез келген қызмет сапалы әрі қол­жетімді бо­луы тиіс.

“Еліміздегі денсаулық сақ­тау саласын дамыту үшін мем­лекеттік-жекеменшік әріптeстік тетіктері арқылы ресурстарды белсенді тарту қажет. Өкінішке қарай, шетелдердің мемле­кет­тік-жекеменшік әріптeстікке қа­тысты озық тәжірибелері заңна­ма­мызда толық көрініс тапқан жоқ. Мұның бәрі жобалардың тиімсіз болуына, бюджетке тү­сетін салмақтың тым артуына әкеп соқтырады. Бұл тәсілдерді қайта қарап, инвестиция тарту үшін ақылға қонымды тарифтер ұсыну қажет. Үкімет денсаулық сақтау және білім беру сала­сын­дағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке қатысты жаңа нор­матив­тер мен ережелер әзір­леуі керек”, – деді Қасым-Жомарт То­қаев.

Денсаулық сақтау саласын­да кадр тапшылығы бар. Ел да­муына серпін беретін маңызды құжатта бұл мәселені шешу үшін, ең алдымен, медицина са­ласындағы білім сапасын ба­рын­ша арттыру қажет екені ай­тылды.

Қазір елімізде сандық жүйе кеңінен қолданыста. Медицина саласын цифрландыруда да оң өзгерістер бар. Десе де әлі же­тіл­діретін тұстар аз емес. Ал­да­ғы уақытта бірыңғай мемле­кет­тік медициналық ақпарат жүйе­сін жасауға басымдық бе­рілуі қа­жет. Бұл медициналық қызмет са­пасын жақсартуға оң ықпалын ти­гізбек. Сондықтан Жол­дау жүк­теген міндеттерді жү­зеге асы­руға білек сыбана кі­ріскен жөн. Еліміздің экономи­калық дамуы, әлеуметтік ахуа­лы сіз бен біздің жұ­дырықтай жұ­мыла еңбек етуі­мізге байла­ныс­ты екенін ұмыт­пауға тиіспіз.

Айна АЙСИНА,

№3 қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp