«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірге АҚШ-тың Аризона универ­ситетінің вице-президенті Шейн Берджесс бастаған деле­гация келді. Шетелдік әріптестерді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қабылдады. Кездесуде жоғары білім саласындағы стратегиялық серіктестік және аграрлық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды.

“Қазір М.Қозыбаев атын­да­ғы Солтүстік Қазақстан уни­верситеті Аризона универси­те­тімен бірге қос дипломдық бағдарламаны жүзеге асырып жатыр, соның арқасында біз­дің студенттер америкалық жоғары оқу орнының білім бе­ру ресурстарына қол жеткізді. Мұнда АҚШ, Түркия, Қазақ­стан және басқа елдердің же­текші профессорлары дәріс береді. Сондай-ақ студент­тердің АҚШ-та бір семестр бойы оқуға мүмкіндігі бар. Біз білім беру сапасын жақсарту және аймақта тартымды орта құру үшін Аризона универси­тетімен серіктестікті нығай­туды жалғастырамыз”, – деп жазды өңір басшысы әлеу­меттік желідегі парақшасын­да.

Жергілікті университетте халықаралық бағдарлама бойынша Қазақстанның әр­түрлі қалаларынан және шетелден келген барлығы мыңнан астам студент білім алып жатыр. Олардың бар­лығы әлемде жоғары баға­ла­натын Аризона универси­теті­нің дипломын алады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp