«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Департамент басшысы ауысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан об­лысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметіне Ержан Қа­рымсақов тағайындалды.

Ержан Қарымсақов 1980 жы­лы Қызылорда қала­сында дүниеге кел­ген. 2001 жылы Қазақ мемле­кет­тік заң акаде­мия­сын “заңгер”, 2014 жылы Қорқыт ата атындағы Қызыл­орда мемле­кеттік универ­ситетін “экономика және бизнес бакалав­ры” маман­дығы бойынша бітірген.

2001-2005 жылдар аралығын­да Құқықтық статистика және ар­найы есепке алу комитетінде әр­түрлі қызметтер атқарды.

2005 жылдан 2013 жылға де­йін Мемлекеттік қызмет істері агентті­гінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде кон­сультанттан бастап, бөлім басшы­сына дейінгі лаузымда жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары Мемле­кет­­тік қызмет істері және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің мемлекеттік қызмет жә­не сы­байлас жемқорлықтың ал­дын алу департаменті басқар­ма­сы­­ның бас консультанты, 2019 жыл­дың тамы­зынан 2020 жыл­дың қа­зан айына дейін Мемле­кеттік қыз­мет істері агенттігі Қы­зылорда об­лы­сы бо­йын­ша департаменті бас­ты­ғының орынбасары болып жұ­мыс істеді.

2020-2024 жылдары Мемле­кеттік қызмет істері агенттігі  Пав­лодар облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөнін­де­гі кеңес төрағасы қызметін атқарды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp