«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Есірткі зертханасын ұйымдастырған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаменті қызметкерле­рі­нің назарына 36 жастағы Астана қаласының тұрғыны мен 46 жастағы қарағандылық түскен. Олар Пет­ро­павл­ға синтетикалық есірткі тарату мақсатында келген.

Қызметтік іссапар бары­сында солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер күдіктілердің син­тетикалық есірткі өндіре­тін есірткі зертханасын ұйым­дас­тыруға қажетті жабдықтар мен 90 килограмм прекурсорлар жеткізілген Алматы облы­сын­дағы жалдамалы үйлері­нің ор­наласқан жерін анықт­ады.

– Алдын ала мәліметтер бойынша зертханада 18 кило­грам­ға жуық есірткі өнімін шы­ғармақ болған. Күдіктілер Пет­ропавл қаласына жеткізіліп, қа­мауға алынды. Қазіргі уақытта іс материалдары аса ірі мөл­шерде есірткіні заңсыз пайда­ланған деген айып бойынша сотқа берілді. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығы­нан айы­рылуы мүмкін, – дейді облыстық полиция департа­менті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp