Петропавл қаласында жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту бойынша жария тыңдау өтеді. “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы” КММ тұтынушыларды, жылумен жабдықтаушы ұйымдардың басшыларын, тұтынушыларды және өзге де мүдделі адамдарды “Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы” Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы №186 қаулысына өзгерістер енгізу туралы” Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасын талқылау жөніндегі жария тыңдауға шақырады. Жария тыңдау 2024 жылғы 18 қыркүйек күні сағат 16.30-да Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57В мекенжайындағы мәжіліс залында өтеді.
Сонымен бірге, жария тындауларға “ZOOM” (идентификаторы: 755 0970 7037, құпия сөзі: 123456) арқылы онлайн қатысуға мүмкіндік бар.
https://us04web.zoom.us/j/75509707037?pwd=h9as65zid3L7OK0cEUJzXQWyUhY1eU.1#success
Уәкілетті органның байланыс телефоны (8 7152) 53-42-43.